- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 535
https://www.youtube.com/embed/iGVplwq-cHE?si=BUTfGPOhGe0-44GY"
Елде ұн бағасы көтерілді. Наубайханалар мен халық көп тұтынатын 1 сұрыптағы ұн бұған дейін 8 мың теңге болса, бүгінде 14 мың теңгеге дейін жеткен. Бағаның күрт өсуіне не себеп? Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Бір апта бұрын 8 мың теңгеден сатылған бір қап ұнның бағасы шарықтап кетті. Саудагерлердің сөзінше, баға күн санап өсуде. Салдарынан нан өнімдерінің құны да көтеріле бастаған. Қымбатшылық қыспаққа алды деген қараша ұнды келілеп ала бастаған. Мәселен, мына 2 келілік ұнның өзі 850 теңге.
Баға өсуі,талдықорғандық кәсіпкерлерді де тығырыққа тірей бастаған.Мәселен
Жайнагүл Сейітқалиеваның кірісінен шығысы көбейген.Самса, бәліш, тұшпара түйіп, нәпақасын табатын келіншек, ұнның шарықтағанына қапалы. Тіпті, саудамызды ақтамайды деп отыр.
ЖАЙНАГҮЛ СЕЙІТҚАЛИЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Алдыңғы аптада ғана ұнның бағасы 7500 болған,осы жолы барсам 25кг 14 мың болып тұр. Мен мысалы, полуфабрикат жасап, магазиндерге өткіземін, оны біз енді бағасын қымбаттатайық десек, қымбаттата алмаймыз. Ал, үйтпесек, ұнның бағасы шарықтап тұр. Бәліш,тұшпара жасасаң өте қымбат бағаға елдер де ала аламайды, оны бізде үйтіп өткізе алмаймыз».
Сондай-ақ, өңірде ас атасының да бағасы өскен. Қаладағы кейбір дүкендерде нанға 5-10 теңге қосылған. Наубайшылар бағаның өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады.Текелілік Сәкен Сандыбаев 8 түрлі нан, 2 түрлі тоқаш пісіреді. Әзірге ескі бағамен дүкендерге өнім өткізіп жатыр. Десе де, ұн бағасы осы қалыпта қала берсе, нанның да бағасы өседі деп отыр.
СӘКЕН САНДЫБАЕВ — НАУБАЙХАНАШЫ
Ал, салаға жауаптылар бағаның өсуін әлемдегі геосаяси жағдаймен байланыстырады. Салдары елдегі нарыққа бірден әсерін тигізіп отыр.
МИРАС АХМЕТСАПА -ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 350
https://www.youtube.com/embed/tpY3Ih5Texo?si=uaajsyeap3Rg5fsM"
Бұдан былай елімізде энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін. Олардан адам денсаулығына келетін зиян көп деген денсаулық сақтау министрлігі 21 жасқа дейінгі ел тұрғындарына шектеу енгізу туралы заң қабылдамақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомство басшысы Ажар Ғиният айтты. Одан бөлек, министрлер кабинеті «қоқыс жинау мәдениетіне» қатысты мәселені көтерді. Енді рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандар қомақты айыппұл арқалайды.
Емханадағы кезек, сапасыз медициналық қызмет. Халықтың шағымы осы деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Әсіресе, Астана, Алматы, Ақмола, Атырау өңірлерінің дәрігерлеріне арыз шағым көп түсетін көрінеді. Бұл проблемаларды шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта бақылауды күшейтпек.
АЖАР ҒИНИЯТ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Медициналық объектілердің инфрақұрылымы әлі де жеткіліксіз. Бүгінде 200-ден астам ауылдық елді мекенде медициналық объектілер жоқ. Ғимараттардың тозуы 56, медициналық техникамен жарақтандыру 50 пайызды құрайды».
Ел жастарының денсаулығы үкіметтегілерді алаңдатып отыр. Себебі, 11-14 жастағы балалар жаппай вейп шегетін болған, оған қоса екінің бірі энергетикалық сусынды тұтынады. Сондықтан, жауапты министрлік 21 жасқа дейін энергетикалық сусын мен вейптерге толық тиым салатын заң жобасын әзірлемек.
АЖАР ҒИНИЯТ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Халықтың салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру мәселесі бар. Елімізде ересектердің 21% темекі тартады, балалардың 20% артық салмақтан, ал 6% семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы балалардың тұрақты түрде вейп шегетіндер – 10%, энергетикалық және тәтті сусындарды ішетіндер – 17,5%, артық салмақтың болуы – 15%. Зерттеулер бойынша».
Айтпақшы, енді онкология мен туберкулезді ерте анықтаған дәрігерлер жалақысына қосымша үстемақы төленеді. 5 айлық есептік көрсеткіш. 18 мың теңгеге жуық ақша қоса беріледі. Республика бойынша дәрігерлерді ынталандыратын осындай пилоттық жоба басталды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Тиісті кадрлармен, бірінші кезекте аса қажет мамандармен қамтамасыз ету үшін медициналық университеттер және колледж түлектерімен бірге тәжірибелі мамандарды да өңірлерге, әсіресе ауылдық жерлерге тарту мәселесін пысықтау қажет. Көріп отырғанымыздай, жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Ынталандырудың жаңа әдістерін әзірлеу керек».
Одан бөлек, бүгін үкіметте экологияны қорғауға қоқысты жинау және оны өңдеу мәселесі талқыланды. Бұдан былай балабақшадан бастап барлық университеттерде жастарды қоқыс мәдениетіне үйрететін болады. Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарға жаза қатаңдатылады. Егер екінші рет қайталаса айыппұл мөлшері екі есеге қымбат болады.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Осы күнге дейін заманауи қоқыс өңдеу зауыттары іске қосылған жоқ. Өкінішке қарай, бізде қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптаспады. Көп жағдайда қоқысты көшеге тастай салу қалыпты әдетке айналған. Қоқыс үйінділеріне қатысты ауылдардағы жағдай бұдан да күрделі».
Жиын соңында Әлихан Смайылов қоқысты қайта өңдеу үшін дамыған мемлекеттердегідей түтін мен иіс шығармайтын жаңа технологияларды пайдалану керектігін баса айтты. Қоқыс мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын экология министрлігіне және Роман Склярға тапсырды. Оның сұрауы жыл соңында болатынын ескертті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 414
https://www.youtube.com/embed/rEbnyOrXnCU?si=nP54W2yrq1TcuQe-"
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Егінжай күні» атты далалық семинар-кеңес ұйымдастырылды.Айтулы шараға Ауыл шаруашылығы вице-министрі,Алматы облысының әкімі менТүркістан, Жамбыл, Жетісу өңірлері басшыларының орынбасарлары қатысты.
Ауыл шаруашылығы ғылымындағы өзгерістер мен өнімдердің жаңа сорттарын таныстырған мамандар, шаруа мен ғылымның арасын алшақтатпау маңызды деп отыр.Іс-шара барысында ғылым мен өндіріс арасында қуатты серіктестік құру туралы маңызды идеяларымен бөліскен ғалымдар болды.Олар экологияның өзгеруі,экономиканың қалтасын қағады деп отыр.
Жауын-шашынның аз түсуі, қуаңшылыққа апарады,тоспалар мен каналдардағы судың төмендеуі шығымға емес,шығынға жетелейтінін алға тартты.Айтулы жағдайдан шығудың негізгі жолы тамшылатып суару технологиясын қолдану.
Бірақ оған кезкелген диқанның қолы жете бермейтіні тағы бар.Институт базасына қарасты егістік алқаптарында өткен семинар жұмысы аясында ауыл шаруашылығына қажетті техникалар көрмесі ұйымдастырылды. Егістікті алыстан бақылап,оған қажетті тыңайтқыштарды себуге мүмкіндігі бар дрондарды да келушілердің назарына ұсынды. Айтулы құрылғы қуаттағышының күшімен әуеде бірнеше сағатқа дейін ұшып жүре алады.
Сонымен қатар 30-40 келіге дейін сұйықтықты алып жүруіне шамасы жетеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
https://www.youtube.com/embed/Ip5oUXprsiM?si=q-VAwsNdbanMIQqE"
Петропавл қаласында қарт адамдарға арналған балабақшаның барын көбісі біле бермейді. Мекеме басшысының айтуынша, «Долголетие» атты орталық 2022 жылдың 1 қарашасында өз жұмысын бастады. Мұнда үйде отырып зеріккен қариялар таңнан кешке дейін қалағанынша демалып, жақсы уақыт өткізе алады.
Бүгінгі таңда орталыққа барлығы 18 қарт адам келеді. 25 адамға арналған мекемені Ресейден келген мигрант Лилия Даниленко ашқан. Бақшаға әдеттегідей бүлдіршіндер емес, қарттар келеді. Онда жасы келген тұрғындар өзге де қатарластарымен бірге әңгіме-дүкен құрып, серуендеп, уақытын қызықты өткізуі үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.
ЛИЛИЯ ДАНИЛЕНКО «ДОЛГОЛЕТИЕ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Біздің жұмыс уақытымыз сағат 9-дан басталады. Қарттарға арналған орталықта бақшадағыдай түрлі іс-шаралар, мерекелік, концерттік бағдарламалар өткізіледі. Және зейнеткерлер шаршаған кезінде ұйықтап, тынығады, бірмезгіл таза ауада серуендейді».
Мекемеде тіпті қарттардың шығармашылықпен айналысуына бағытталған вокалдық ансамбльдер де құрылған. Сонымен қатар оларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын түрлі шаралар ұйымдастырылады. Зейнеткерлердің басым көпшілігі альцгеймер ауруымен ауыратынын, сондықтан жиі концерт ұйымдастыру қиынға соғатынын орталық басшысы айтып өтті.
ФИДАНИЯ ХАТИПОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бұл жерде біз өз қатарластарымызбен бірге сыр шертеміз, әңгімелесеміз. Уақытымызды естен кетпестей көңілді өткіземіз. Бәріміз бірге жан тебіреніспен әуелетіп ән шырқаймыз. Осында бір-бірімізбен әңгімелесіп отырып, шай ішеміз».
Айта кетейік, орталық тек клиенттерден ай сайын түсетін қаражат есебінен жұмыс істейді. Мекеме меңгерушісі Лилия Даниленко алдағы уақытта Алматы, Астана, Шымкент, Атырау қалаларында да филиалдар ашуды жоспарлауда. Осы мақсатта мигрант өзінің франшиза жобасын әзірлеп жатқанын атап өтті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 335
https://www.youtube.com/embed/S_A5xyqepDI?si=Hhc0wsHMXs9zpD-o"
19 ғасырдың ортасында Тасманияның шығыс жағалауында өмір сүрген еуропалық қоныстанушы Кейт Митчеллдің жалғыз фотосуреті көшірмесі мұражайға қойылды.Өнертанушылардың пайымы бойынша жас ханымның өмірі мүмкіндігінше жақсы зерттелген.
Кейт қызықты оқиғалар мен шытырман оқиғалар туралы көптеген суреттер қалдырған. Хобарт бейнелеу өнері мұражайындағы жаңа көрмеде осы эскиздердің үлкейтілген көшірмелері, сондай-ақ түпнұсқа сызбалары да бар.
АНИТА ХАНСЕН ТАСМАНИЯ КОРОЛЬДІК ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Сіз қолыңызға iPhone-ды алып, көкке шыққанда немесе біреудің аттан құлап жатқанын, басқа бір керемет нәрсені суретке түсіре аласыз ғой. Сол сияқты осындай оқиғалар осы суреттерде көрсетілген».
Суреттерде Кейт пен оның әпкесі, сондай-ақ басқа отбасы мүшелері, достары бейнеленген. Ол суреттер Австралиядағы еуропалық әйелдердің өмірі бұрын бәрі ойлағандай тыныш, беймарал болмағанын көрсетеді.
ДЖЕЙН ГИБЛИН СУРЕТШІ ЖӘНЕ КӨРМЕ КУРАТОРЫ: «Бұл суретте ол юбкасымен тастардан өтіп, өзеннің арғы жағында жатқан бөренеге қадам жасайды. Мен үшін бұл сурет Кейттің кім болғанын көрсетеді».
Қылқалам шебері Джейн Гиблин өзінің суреттерін Кейт салған суреттердің негізінде жасаған.
ДЖЕЙН ГИБЛИН СУРЕТШІ ЖӘНЕ КӨРМЕ КУРАТОРЫ: «Мен оның жұмысынан идеялар алдым. Содан кейін сол оқиғаларды елестеткенімдей суреттедім».
Кейт Митчелл шытырман оқиғалы өмір сүріп, жас кезінде қайтыс болды. Оның себебі әйел организміндегі паразиттік инфекция болды. Қазір бұндай ауруларды емханалардағы дәрігерлер емдей алады. Ал, бұл әйел осы аурумен азаптанып дүние салды. Бұл сол жылдардағы адамдар өмірінің тағы бір тарихи айғағы. Кейттің әпкесі оның суреттерін жинап, оларға сипаттама берді. Австралиядағы еуропалықтардың отаршылдық өмірі туралы кітап осылай пайда болған болатын.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 381
https://www.youtube.com/embed/D9c5X74DiWQ?si=sZ-FAu2nAmYJOybM"
ЮНЕСКО комитеті Венецияны қауіп төнген мәдени мұра нысандарының тізіміне қоспау туралы шешім қабылдады. Оның орнына комитет биліктің қаланы сақтау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
ЛАЗАР ЭЛУНДУ АССОМО ЮНЕСКО БҮКІЛӘЛЕМДІК МҰРА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Сарапшылар жағдайды ұзақ жылдар бойы бағалап келеді. Тек климаттың өзгеруін ғана емес, сонымен қатар туризмнің басқа да көптеген факторларын зерттеді. Сайып келгенде, олар комитетке қаланы жойылып кету қаупі бар нысандар тізіміне қоспауды ұсынуда».
ЮНЕСКО бұл тізімге Венецияны туризм қаласына кері ықпал етіп, круиздік кемелер мен мұнай танкерлерімен лагунаның ластануына жол бергені үшін және климаттың жиі өзгеруіне байланысты енгізіп отыр. Жақсы жаңалық ретінде Венеция әкімшілігі туристер үшін қалаға ақылы кіруге арналған пилоттық жобаның мақұлданғанын жеткізді. Бағасы 5 еуро болмақ.
МИКЕЛЕ ЗУИН ВЕНЕЦИЯ БЮДЖЕТІ БОЙЫНША КЕҢЕСШІ: «Менің ойымша, біз жол жүру ақысын төлейтін және күндізгі туристік туризм мәселесін шешу үшін нақты шаралар қабылдауға тырысатын алғашқы үлкен қаламыз. Оған қоса, біз ЮНЕСКО талабы бойынша үлкен кемелердің лагунаға кіруіне тыйым салдық».
Ірі круиздік кемелерге тыйым екі жыл бұрын енгізілген. Енді оларға Әулие Марк алаңы мен Джудекка каналының бойымен өтуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, бұқаралық туризм қала тұрғындарының күнделікті өміріне әсер етуді жалғастыруда. Қонақтардың саны көбінесе жергілікті тұрғындар санынан асып түседі. Бұл коммуналдық қызметтер мен көлік қызметтеріне қысым жасайды және қарапайым түрде айтсақ, адамдардың жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне кедергі жасайды. Соның салдарынан, венециялықтардың көбісі көшуге мәжбүр.
РЕМИ ВАКОНЬ БЕЛСЕНДІ: «Туристтердің шамадан тыс көп болуы қалаларға қауіп төндіреді. Сондықтан, жалға берілетін тұрғын үй көлемін ұлғайту шараларын қолдану қажет».
Сонымен қатар, Венеция қатты су тасқынына осал болып келеді. 2019 жылы дәл осындай апаттан кейін құны 6 миллиард еуро болатын су астындағы тосқауылдар орнатылды. Келесі жылдың желтоқсан айына дейін Италия қаланы одан әрі сақтаудың егжей-тегжейлі жоспарын ұсынуы керек. Ол 2025 жылы Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында талқыланады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 356
https://www.youtube.com/embed/Bv9Z_isnALU?si=t2N28FsmjJYo-YUI"
«ИННОПРОМ. Қазақстан». Осындай атаумен Астанада халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр. Бүгін 4 елдің: Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары сол көрмені аралап көрді. Онда ауыл шаруашылығы техникасынан бастап, автомобильдер, мұнай-газ, тау-кен, бақылау-өлшеу аспаптары, тыңайтқыштар және тағы да басқа өндірушілердің өнімдері қойылған. Елордадағы EXPO орталығының алаңында ұйымдастырылған көрмеге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысып жатыр.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстан бұған дейін Ресей Федерациясында дәстүрге айналған «Иннопром» жұмысына белсене қатысып, өзінің заманауи технологияларын ұсынып келеді. Біз бүгін көрмеге қатысушыларлды Астанада алғаш рет қабылдап отырмыз. Бұл сөз жоқ Қазақстандық бизнесті іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өнеркәсіптік кооперацияны нағайтуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын білдіреді. Қазіргідей жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық сын қатерлер артып келе жатқан уақытта осындай формат орнықты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Ауқымды шара өзара тиімді ынтымақтастықты және алдымызда тұрған шараларды бірлесіп шешуге ықпал етеді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 348
https://www.youtube.com/embed/WGzASkYP9Ss?si=mpHe4FqQKO9kAYAE"
Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтеді. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтардың саусақ іздері алынады. Одан бас тартқан жағдайда айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифингте Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаев айтты. Оның айтуынша бұндай қызметтен қорқудың еш қажеті жоқ. Қайта пайдасы көп дейді. Адам жоғалып немесе сөйлеу қабілетінен айырылғанда саусақ ізі арқылы оның кім екенін оңай білуге болады. Ал, қауіпсіздік жағынан ел азаматтары алаңдамаса да болады дейді ол.
НҰРЖАН ЖАҢАБАЕВ ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Саусақ іздерін сақтау қауіпсіздігінен және жүйеден дербес деректердің жария болып кетуінен қорқатындар үшін хабарлаймыз – саусақ ізі туралы ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жатады. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан азаматтарының ақпараты деректер базасында саусақ іздерінің цифрлық моделі мен бірегей идентификатор ретінде көрсетіледі. Онда тегі, аты, әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) сияқты дербес деректер жоқ».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 386
https://www.youtube.com/embed/DFVHVK8JL9Y?si=Yx2sSEm4oZ8aj4a3"
Жол азабын тартқан білер! Арнамызға Алматы облысы Іле ауданы Ашыбұлақ ауылдық округіне қарасты Төле би елдімекенінің тұрғындары шағымдарын айтып хабарласқан болатын. Арнайы барып хал ахуалдарымен танысып қайтқан едік.
Бұрынғы сүт фермасы орналасқан аумаққа кейінгі жылдары жер бөлініп тұрғындар қоныстанып бүгінде түтін саны 300 ден асқан. Жолдың жырын айтуға тайлы тұяғы қалмай жиналған тұрғындар көптеген мәселенің шетін шығарды. Журналистер келеді деген соң біраз жыл жөндеу көрмеген күре жолдарына бүгін таңертеңнен бастап күрек түсіпті.
ЛӘЗЗАТ НҰРҒАЛИ ТҰРҒЫН: «Біздің жан дауысымызды аудан әкімі,облыс әкімі,ауыл әкімі естімегеннен кейін сіздерге шығуға мәжбүр болдық. Мына күре жол жалғыз Төле би ауылына кіріп шығатын жол.Осы жол жылдар бойы асфальттанбаған болатын. Біз жылда ақша жинап жамаймыз. Жамап қойған жерімізді тендерді ұтып алған Жетісу құрылыс компаниясы осы жолды 7 қыркүйектен қырып тастады. Біз телеарна шақырамыз дегеннен кейін түннен бері қырып бастады».СЕЙСЕНБАЙ МАХАНОВ ТҰРҒЫН: «Жолдың өзі Союз кезінде салынған. Содан кейін күрделі жөндеу көрген жоқ. Содан бері міне бірінші рет. Бірақ бұл жолға біздің көңіліміз толып отырған жоқ. Себебі күреп тастады,жаңбырдан соң шұрық тесік қып. Төлеби ауылынан шығатын жалғыз ақ жол. Міне автобус келіп жатыр ауылға автобустар жалоба жасайды, біз мына жолмен шашылып қалып жатырмыз деп».
Ауылмен қалаға №301 автобус қатынайды екен. Автобусымыз осы жолдың кесірінен жиі сынып қалады. Бірақ оны тұрғындар түсіне бермейді дейді қоғамдық көліктің жүргізушілері.
САМАТ ТӘЖИЕВ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: «Жүретін маршрутымыз Сәлем мен Төле би ауылы. Мына жолымыз онша емес. Төле бидің поворотынан Декабрьдің поворотына дейін. Автобустар жәй-жәй сынып жатыр. Кеше бір автобус сынып тұрды.Тұрып қаламыз.Одан халық күтеді бізді бір сағат екі сағат».
Халықтың жиналып жатқанынан хабардар болған әкім тұрғындарға жүргізіліп жатқан жұмыстарын айтуға өзі келді.
ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: ЖАЛҒАС СҮЛЕЙМЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу жұмыстары кеш өткізілуіне байланысты он сегізінші тамыз күні Жетісу жол құрылысы ЖШС келісімшарт жасалған. Тендер өткізілген. 4,1 шақырымды құрайды. Жобалық құны 124 млн теңге. Кәзіргі таңда тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізі аяқталу жұмысы 31 желтоқсан. Қазан айының басында бітіреміз».
Осыған дейін атқарылған жұмыстарды тізіп берген ауылдық округтің әкімі,тұрғындар көтерген мәселенің жуық арада толықтай шешімін табатынын алға тартты.Шамалы сабыр сақтап,тосуға шақырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 344
https://www.youtube.com/embed/YshXDM78h94?si=nqVhLO1KsMjr7GP7"
2 қазан күні 2022 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. 55 мыңнан астам алматылық өз міндеттемелерін әлі орындаған жоқ. Осыған байланысты бұл тұрғындарға банк қызметтерін пайдалануға шектеу қойыламақ.
Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінен атап өтілгендей, төлем мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалды. Осыған қарамастан 55 644 тұрғын жалпы сомасы 735 млн теңгеге салық төлемеген.
ҚУАНЫШ ТҮМЕНБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МКД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салық салуға жататын объектілердің саны 642 172 құрайды, бағалау құны 3 054 млрд теңге, 2022 жылы есептелген салық сомасы 3,9 млрд теңгеден асады. Өткен жылмен салыстырғанда салық салу объектілерінің саны бағалау құны 6 млрд теңгемен 27 238-ге ұлғайды, оның ішінде жеке үйлердің саны 547 – ге, пәтерлер – 21 262, гараждар-5 246-ға көбейді. Айта кету керек, жаңа салық салу нысандарының негізгі бөлігі 9 167 Бостандық ауданына тиесілі».
Салық төлеу мерзімі өткеннен кейін, мүлік салығын төлемегендер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банктік шот ашу, аударымдар жасау, несие алу және тағы басқа. Бұл Салық кодексінде қарастырылған. Әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады.
Баспасөз мәслихаты барысында, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мүлік салығынан кімдер босатылатынын айтты.
ҚУАНЫШ ТҮМЕНБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МКД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік еңбек ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде, барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан босатылады».
Департамент тұрғындарды қарыздарын өтеуге шақырады және салықтарды уақтылы төлеуге кеңес береді. Сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 353
https://www.youtube.com/embed/nJNKFTqkdzo?si=qSlfjejJdgOxD0j6"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті.Президент Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларына ілтипат білдіре отырып, қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық «Иннопром. Қазақстан» өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен кәсіпорындар мен ірі жобалар саны артып келеді. Бұл Одаққа мүше елдердің сыртқы сауда көлемінің үздіксіз ұлғайып, биылғы бірінші жартыжылдықта 13 пайызға жеткенінен байқалады. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық кооперацияның тиімділігі көлік-транзит әлеуетін ашумен тікелей байланысты, сондықтан көлік қатынастарының мүмкіндіктерін дәйекті түрде дамыту керек деп санайды.
Президент Иранға, Парсы шығанағына және Үндістанға шығуға мүмкіндік беретін Солтүстік – Оңтүстік транзит дәлізінің, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының, Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағытының мүмкіндіктері жөнінде айтты. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетіне баса мән берді. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өнеркәсіп саласындағы ықпалдастығын дамыту маңызды екеніне тоқталды.
Сондай-ақ биыл мамыр айында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру кезінде кооперацияға қаржылай көмек көрсету туралы құжатқа қол қойылғанын еске салды. Президенттің айтуынша, бұл механизм бірлескен жаңа өндіріс орындарын ашуға тың серпін береді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 339
https://www.youtube.com/embed/2hMPsONmekI?si=09U-xNBlX-16Bpr6"
Маңғыстау облысында жалған ақша купюраларын өткізу бойынша қылмыстық әрекеттің жолы кесілді. Ұсталған азамат номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан. Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату фактісі анықталып, жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары қолға алынды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ - ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ «Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.Құрметті азаматтар! Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, оны сатуға тырыспаңыз. ҚР ҚК 231-бабына сәйкес өз қаражатын қайтарып алуға деген ұмтылыс қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін.Дереу түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз».
Еще материалы
- "Алатау ақпараты" Эфир 25.09.2023 Толық шығарылым!
- Алматы қаласының Мемлекеттік архиві «Тарихи тұлғалар жасайды» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді
- Алматыда жас педагогтер арасында «ALMATY USTAZY» байқауының үшінші кезеңі ұйымдастырылды
- Алматыда туристермен жұмыс жасайтын мамандар арнайы оқудан өтеді
Страница 175 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.