- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 136
https://www.youtube.com/embed/qmLNEY_Ndb8?si=COqLuPqm3A0tkZ0M"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 165
https://www.youtube.com/embed/vVpm-vuYuPk?si=W5U6TiWH3TTsYN1i"
Бүгін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры активтерінің бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру туралы келісімге қол қойды.
Қаражаттарды беру Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығын дамыту және еншілес ұйымдардың активтерін басқарудан біртіндеп арылу стратегиясы аясында болмақ дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшысы.
ӘДІЛ ӨТЕМБАЕВ ҚДКБҚ ТӨРАҒАСЫ «Қордың активтері тек ең сенімді қаржы құралдарына инвестицияланатын болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, квазимемлекеттік сектордың субъектілері мен халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары. Олардың өтеу мерзімі 3 жылға дейін. Сондай-ақ кері РЕПО операцияларын айтуға болады. Енді осы бағдарлама активтердің табыстылығын арттыра түседі деген үміттеміз. Қор үшін басты міндет – арнайы резервтің қаражаттарын сақтау және олардың жоғары өтімділігіне қолдау көрсету».
Жеке басқарушылар алдында белгіленген эталондық портфельдің (бенчмарктың) табыстылық көрсеткішін арттыру мақсаты қойылған. Тәуекелдер туындаған жағдайда шартта Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры үшін оны біржақты ретпен бұзу мүмкіндігі қарастырылған.
АЙБОТА ЖАППАРБЕРГЕН ҚДКБҚ РЕСМИ ӨКІЛІ «Енді алғашқы кезекте, бәсекелі ортаға 200 млрд теңге беріліп отыр. Бұл үшін белгілі бір өлшем шарттармен 6 жеке басқарушы компания таңдап алынды. Соларға 20 млрд теңгеден 50 млрд теңге аралығында 200 млрд теңге үлестірілді. Қор алғашқы кезекте басқарушы компаниялардың жұмысына баға беретін болады. Келесі жылы қор компаниялардың жұмысына қарай тағы да үлестіретін болады. Активтерді жеке бәсекелі ортаға беру процессі одан әрі жалғасатын болады»
Қордың арнайы резерві активтерінің мөлшері 1,3 трлн теңгені құрайды. Таңдалған басқарушы компаниялар Қазақстанның қор биржасының композиттік индексіне арқа сүйеп, соған қарай инвестициялайды. Кейін атқарылған жұмыстар мен инвестициядан түскен табыстылық композиттік индекстің көрсеткішіне қарай бағаланатын болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 150
https://www.youtube.com/embed/ba7RLvccpz8?si=pYzPWOu-0GSMpA08"
Шілде айының алғашқы жексенбісі ұлтымыздың үні қасиетті домбыра күні. Төл өнеріміздегі шоқтығы биік аспап, күмбірлеген үнімен жан сарайыңызды шаттыққа бөлесе,бірде жан дүниені мұңға тартып көзіңе жас үйірер қасиетке ие. Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан домбыраны қазақ халқы жоғары көтеріп,орны төр деп білген.
НҰРБАҚЫТ БӨКЕБАЕВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, МӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ
Ата бабаларымыздан аманат етілген дәстүрімізді, мәдениетімізді, өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жалғап, рухани нәр сыйлап келе жатқан домбыраға бас ию ұлттық парызымыз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 123
https://www.youtube.com/embed/5l9okN3lvWk?si=pppaXvs1t9sqfbdR"
Арнаулы бағдарламамен Алматы облысын аралап жүрген Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары бүгін Райымбек ауданына қарасты ауылдарда болып, жергілікті өндіріс орындарының жұмыстарымен танысты.
Депутаттар мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс істеп жатқан «Қарасаз фуд» сүт зауытының күнделікті жұмыс барысымен танысты. Былтыр 680 млн қаражат алып жұмысын бастаған сүт өнімдерін шығаратын өндіріс орнының қуаттылығын арттыру үшін биыл 800 млн қаражатқа өтінім берілген.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Өңірді сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған заводтың жыл сайын өнімділігі артып келеді. Жергілікті тұрғындарды да жұмыс көзімен қамтып отырған заводтың жұмысына депутаттар ризашылықтарын білдірді.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сондай ақ халық қалаулылары Қарасаз ауылындағы құрылысы жүріп жатқан өнер мектебінің басына барды.Айтулы нысанның құрылысына бюджеттен 950 миллион теңге бөлінген.Сенатор Жанболат Жөргенбаев нысанның уақытылы мерзімінде пайдалануға берілуін, қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын сөз етіп,құрылыс жұмыстарында кетіп жатқан кемшіліктерді тез арада түзетуді тапсырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 194
https://www.youtube.com/embed/X1eTpoOf7n0?si=8iIxgAE5XX7IfkoZ"
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас сотқа тартылды. Ол ұсақ бұзақылық жасаған. Ақпаратты Жоғарғы соттың коммуникация бөлімі де растап отыр. Мәліметте әншіге қатысты Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі ("Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша екі материал келіп түскені айтылады.
Ал Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілгенін де хабарлады. Сотта қаралатын уақыт туралы қосымша хабарлама берілмек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 124
https://www.youtube.com/embed/RCnrKt-XDc8?si=4TwW-lXXAKUHMYW1"
Тұрып жатқан орындарының не жолы, не шамы келіспеген Қызылорда қаласына қарасты Титов қыстағының тұрғындарының жай күйі көңіл толтырарлықтай емес.
Жұмысшылар Титов қыстағының Сабалақ пен Бірлік көшелеріне жағдай жасап, Сауран көшесіне көңіл де бөлмеген. Салдарынан қараша қыстың қыңыр мінезіне, күздің әуре сарсаңына төзуге мәжбүр. Бұл жерде қазір 19 тұрғын үй бар.
АЛМАГҮЛ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Титов мөлтек ауданында 2023 жылы 4-5-6 көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биылғы жылдың өзінде Қызылорда қаласында 50 көшеге жөндеу жұмыстары басталып, 35 көшеге асфальт төселіп, 15 көшеге қиыршық тас төгілді.
МҰРАТ ӘБСҰЛТАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мәселенің шешілу мерзімін уақыт көрсетеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 119
https://www.youtube.com/embed/Gmf2rexC4Vg?si=sXncqPwJnDbkm3zS"
Тасқын судан эвакуациялық пунктерді паналаған Оралдық 3 отбасы пәтерлі болды. Өңірде әлі де үй-жайы жоқ азаматтар жетерлік. Бүгінде облыста 800-ге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Өйткені 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Оған дейін баспанасы жарамсыз деп танылған жандарды үймен қамту көзделген.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жанұялардың шаңырағында болып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ БҚО ӘКІМІ
Жаңа пәтерге қоныс аударған тұрғынның бірі - Тамара Досқалиева. 2007 жылдан бері Кардиологиялық орталық аумағындағы саяжайда тұрып келген. Жалғыз шаңырағы биыл ғана емес, 2011 жылы да су астында қалған. Комиссия баспананың жағдайын ескеріп, зейнеткерге облыс орталығынан 1 бөлмелі пәтер берді.
ТАМАРА ДОСҚАЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Айта кетейік, бүгінде БҚО-ның 5 ауданында 401, қала маңында 374 үйдің құрылысы басталды. Лицензиясы бар компаниялар бағалау жұмыстарын аяқтаса, 100 және 150 АЕК мөлшеріндегі қаражат та толықтай өтеледі. Қазіргі күні комиссияның оң қорытындысын алған саяжай тұрғындарына баспана берілуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 161
https://www.youtube.com/embed/MzlznBKO0kI?si=J7roB7bi3TrBOxHV"
Алматы облысында құны 2 млн теңге болатын электронды темекі, вейпті заңсыз сатпақ болған екі азамат ұсталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сотта кінәлары дәлелденсе екеуіне де екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін ірі ақшалай айыппұл салынады я болмаса сол көлемдегі түзеу жұмыстары немесе елу тәулікке дейін темір торға қамалады.
Айта кетейік, заң бұзушылар «Стоп-алаяқ» іс-шарасын өткізу барысында анықталды. Алдымен Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны тапқан. Сол әлеуметтік желі арқылы электрондық темекі заңсыз тарап, сатылып отырыпты. Жақында елімізде вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тиым салатын заң күшіне енген болатын. Жаңа құжат бойынша сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу, әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ бiрнеше рет бұл әрекетті қайталаса– 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылатынын естеріңізге саламыз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 138
https://www.youtube.com/embed/_KesjD5Jn50?si=jVaZFPK5n03l_WlK"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 112
https://www.youtube.com/embed/YzbFtt8Uzcw?si=bGnbb9pubLmUYr33"
Солтүстік Қазақстан облысында 320 үй апатты деп танылды. Бұл көктемгі тасқын судан залал келген тек бір аудандағы жағдай. Қызылжар ауданында үйлерді бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жалпы бұл ауданда 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 1099-ы қайта қалпына келтірілген. Қызылжар ауданында баспаналарды бағалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта тұруға жарамсыз деп танылған 100-ден астам отбасыға жаңа үй сатып алынды. Комиссия мүшелері 1400-ден астам адамға қорытынды берген.
ҚУАНДЫҚ ШАКУБАЕВ, КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ «Комиссия тағайындаған жөндеу жұмыстарына берілетін қаржымен тұрғындар келіспей жатады. Ондай жағдайда комиссия сол үйге барып, толықтай қайтадан дефектолог мамандар бағалау жүргізеді. Қазіргі уақытта Прибрежный мен Тепличный ауылдарындағы үйлерге қорытынды беру жұмыстары қалды. Зардап шеккен адамдардың әрбір өтініші ескеріліп жатыр. Күніне 60-70ке жуық тұрғынды қабылдаймыз».
Тасқын судан зардап шеккендердің бірі - Олег Васильев. Ол Тепличное ауылының тұрғыны. 2018 жылы 350 шаршы метрлі үш қабатты үй салған. Алайда, табиғи апат салдарынан баспанасының 80 пайызы су астында қалып отыр.
ОЛЕГ ВАСИЛЬЕВ, СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Тасқын су менің үйімнің екінші қабатына дейін жетті. Мен комиссия отырысына осымен екінші рет келіп отырмын. Менің үйімнің жөндеу жұмыстарына 9 млн теңге беретін болды. Баспанамның 280 шаршы метрі су астында қалды. Жиһаздарымның жартысын үлгергенше үшінші қабатқа көтеріп қойып едім. Қалғандарының барлығы жарамсыз болып қалды».
Жалпы, Қызылжар ауданында 1546 үй табиғи апаттан зардап шекті. Олардың 320-сы тұруға жарамсыз деп танылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 179
https://www.youtube.com/embed/G4bhpCVkVvs?si=6INq34yyxUbxkEYP"
Алматы тауларында демалушылар көбеюде. Бұл өрт қаупінің арта түскенін аңғартады. Осы орайда ұлттық парк қызметкерлері қызу жұмысқа кіріскен. Толығырақ келесі бейнематериалда.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ
Бұл – Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Қазір бұл аумақта өрт қауіпсіздігінің төтенше класы белгіленгендіктен, орман қоры жерлерінде болуға және оны пайдалануға шектеулер қойылған. Үлкен Алматы орманшылық басшысының қарамағында 27692 гектар жер бар. Қалаға жақын орналасқандықтан, өрт маусымында тауда демалушылар көп. Сондықтан «Озерный» шатқалынан 17, «Казачка» шатқалынан 8 арнайы от жағатын орын дайындап, ескерту тақтайларында орнаттық, дейді Сайран Ұланұлы.
САЙРАН ҰЛАНҰЛЫ «ІЛЕ-АЛАТАУ» МҰТП МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҮЛКЕН АЛМАТЫ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Тәртіп бұзушылық болмас үшін, біз алдын ала жұмыстар жасап жатырмыз. Кіре беріс посттан бастап, ескерту парақшаларын таратамыз. Одан кейін 13 инспектор жұмыс істейді. Әр инспектор өз аумағында ескерту жасап, алдын ала жұмыс жүргізеді. Құқық бұзушылық болмас үшін, заңбұзушылық болмас үшін алдын ала соларды ескертіп, жұмыс жасайды».
Қазіргі уақытта елімізге демалысқа келіп жатқан туристтер мен демалушы халыққа ақпарат тарату жұмыстары жүргізілуде. Заңға қарсы шыққандарға да арнайы айыппұлдар мен жазалар бар. Биыл жыл басынан бері 11 құқық бұзушылық тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырған, айыппұл салынған.
САМАЛ НАРЫНБАЙҚЫЗЫ «ІЛЕ-АЛАТАУ» МҰТП ЭКОЛОГ АҒАРТУШЫСЫ «Егер де, ұлттық парктің аумағында заңсыз от жағу, арнайы белгіленбеген жерлерде от жағу істері болған жағдайда, бұл әкімшілік құқықтық жазаға тартылады. Ол 367 батың 3 тармағымен айыппұл төленеді. Ол 100 АЕК. 369200 теңгені құрайды. Біздің ең негізгі мақсатымыз келешек ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сол мақсаттың аясында дәрістер, экскурсиялар, табиғат қорғау тақырыбында».
От жағуға арналған жаңа, әрі арнайы орындар демалушыларға өте қолайлы. Халық енді өрт шыға ма деген қорқынышсыз, емін еркін, әсем табиғатта демала алмақ.
ЕРМЕК БЕКМҰРАТОВ ДЕМАЛУШЫ «Бүгін осы Алматы шатқалына демалуға келген едік. Соған өрт қауіпсіздігін сақтауға, қоқыс жинайтын орындар бетондап жақсы ұйымдастырып қойыпты. Бәрін істеп қойған екен. Табиғатты қорғайық өрттен. Бәрі жақсы болсын. Бұл өзіміздікі. Қазақтың жері. Бәріміз өз үлесімізді қосайық».
ДМИТРИЙ ОЛЕГОВИЧ IRONMOTO ИНСПЕКТОРЫ «Біз табиғи аумақтарда электробайкерлермен турлар жасайтындықтан, табиғатты қорғау заңнамасының бұзылмауын өте қатты қадағалаймыз. Яғни, бізбен шыққан туристтердің заң бұзбауын, өсімдіктердің өсіп өнуіне кедергі келтірмеулерін, еш жерде от жағып кетпеуін басты назарда ұстаймыз. Себебі, осындай табиғатта жақсы демалып, оны аялауымыз қажет».
Табиғатты қорғау өз қолымызда. Сондықтан айтылған ескертулерге құлақ асып, табиғатымызды аялайық дейді, орманшылық қызметкерлері.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 124
https://www.youtube.com/embed/0z_vFq3RC74?si=RFqoGVbJz3PGGLZs"
Әлемдегі ең ірі бөгеттердің бірі саналатын – «Бахтиари» Гидроэлектр станциясына ұқсас ауқымды гидрологиялық орталық Қазақстанда да бой көтеруі мүмкін. Ол өз кезегінде суармалы суды тасымалдаудың заманауи технологияларын енгізуге және булану себебінен болатын шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай жоба Қазақстанның әсіресе, оңтүстік өңірлері – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары үшін аса қажет. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездесуінде айтылды. Тараптар жаңа гидротехникалық нысандардың құрылысын және суармалы су шығынын азайту мәселесін талқылады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Бірінші үлкен бағыт нормативтік-құқықтық базаны құру. Екіншіден бар су қоймаларды иррегация жүйелерді қалпына келтіру. Жаңа су қоймаларды көктемгі тасқын суларды, жаңбыр суларын жинақтау үшін жаңа су қоймаларын салу. Үшіншіден көршілес мемлекеттермен келіссөздер жүргізу. Себебі, Қазақстан жалпы су көлемін 50 пайызын көршілес мемлекеттерден алады. Орта Азиядағы мемлекеттер: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы»
Еще материалы
Страница 34 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.