- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 375
https://www.youtube.com/embed/s3pyOjGd1rU?si=FxiPqac6stH8rJK_"
Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ әкімшілігі импорттық өнімдеріне өзара негізде кедендік баж салығын енгізіп жатқан 185 елдің тізімі бар кестелерді жариялады. Олардың қатарында Қазақстанда бар. Салықтың өсуіне не себеп болуы мүмкін, сарапшы маманның пікірін білген едік.
АЙБАР ОЛЖАЕВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ «Жалпы Трамптың Қазақстанда баж салығын арттыруы біздің тікелей жалпы өзіміздің сатылымымызға ешқандай аса бір ықпал бермейді, себебі біздің Америкаға сатып отырған тауарларымыз дайын тауарлар емес шикізат. Негізінен бұл ферроқорытпалар, уран және мұнай. Ал олар АҚШ-ның негізі өзіне керек тауарлар болып саналады.Оның ішінде тонтал бар сирек кездесетін метал. Сондықтан олар Баж салығынан түгел босатылған.Сондықтан бізге ешқандай бір әсері жоқ.Біздің тауарлар Баж салығын төлемейді өйткені біздікі дайын тауарлар емес, шикізат».
Сарапшының айтуынша Трамптың Қытайға салынған Баж салығы және Еуро одақпен болып жатқан арадағы қатынас, әлемдегі экономикалық белсенділікті төмендетіп, мұнай бағасының құлдырауын туғызуы мүмкін екенін жеткізді. Айта кетейік 10 пайыздық базалық баж салығы 5 сәуірде, ал бірқатар елдер үшін 9-нан бастап күшіне енетіні хабарланды. Трамп тарифтердің мөлшерін өзгерте алатынын да ескертті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 376
https://www.youtube.com/embed/mvQp9MPygdk?si=fhdO1LS-fCsWP0D3"
Еліміздегі оқырмандарға кеңінен танымал өңірлік басылымдардың бірі – «Атамекен» газеті. 90 жылдан астам тарихы бар бұл басылым Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар мен маңызды жаңалықтарды үздіксіз жариялап, билік пен халық арасындағы алтын көпір қызметін атқарып келеді.Жуырда ”Атамекен”ұжымы өз ардагерлерін құрметтеу мақсатында арнайы іс-шара өткізді. Бұл шара газеттің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагер журналистердің еңбегін бағалап, олардың еселі еңбегіне алғыс білдіруді көздеді. Тақырыпты толықығырақ тілшіміз баяндайды.
Ақындар мен батыр елінде бүгін – ерекше күн. Өңірдің төл басылымы, ұлттық журналистиканың қарашаңырағының бірі – «Атамекен» газетінің ардагерлеріне арналған мерекелік шара өтті. Халықтың мұңын атқарушы билік өкілдеріне жеткізіп, қордаланған мәселелерді қалт жібермей еңбек еткен ардагер журналистеріне ерекше құрмет көрсетіп отыр.Олардың қатарында 75 жасқа толып, редакцияның отынан кіріп,күлімен шыққан аға буын өкілдері бар.
НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ –ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ: «Біз енді жасымыздан осы газетке мақаламыз шығуға іңкәр болып өстік. Журналист болу, газетщик болу - газетке тілші болу адамның махаббаты. Журналист болу махаббатсыз тумайды. Соны сүю керек. Титтайымыздан газетке мақалаларымыз шығып, 14 жасымнан мақалаларым шыға бастады.Ол кезде аптасына 3 рет шығатын. Компартия бар. Аудандық партия комитеті 1 үтір, 1 қате кетсе күнделікті қадағалап, таяқ жеп отыратынсың. Сондай болатын.»
«Атамекен» газетінің тарихына көз жүгіртсек, бұл басылымда қазақтың сөз өнеріне сүбелі үлес қосқан тұлғалар қызмет етті. Олардың қатарында Балғабек Қыдырбекұлы, Сейдахмет Бердіқұлов, Оспанхан Әубәкіров, Әнуарбек Дүйсенбиев секілді біртуар қаламгерлер бар. Газеттің басшылық тізгінін әр жылдары Ханымбүбі Ақжолова, Мәжит Түменов, Нағашыбек Қапалбекұлы, Күмісжан Байжан, Есенқұл Жақыпбеков, Рәтбек Терлікбаев сынды зиялы қауым өкілдері ұстады.
КҮМІСЖАН БАЙЖАН ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖУРНАЛИСТ: «Аудандық Атамекен газеті осы газетте өзім 20 жыл бас редактор болғанмын. Маған дейін жазушы Нағашыбай Қапалбекұлы редактор болған. Екеуіміз бір сыныпта оқығанбыз. Бұл енді кештің мәні 1 сыныптан Жамбыл атындағы орта мектептен 5 журналист, жазушы шықтық.»
Ұлттың үні, елдің шежіресі болған «Атамекен» газеті өз оқырманының жүрегінен әрдайым орын алады. Журналистика майталмандарының өнегелі жолы – болашақ қаламгерлер үшін темірқазық болып қала бермек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 387
https://www.youtube.com/embed/Ekl77SCMcYA?si=Io9f_Joz_mwunY-k"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 430
https://www.youtube.com/embed/jkMV1aADEhw?si=qAuMuZ6WZam91qky"
Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды. Бастаманың мақсаты - жас мамандарға жұмыс табуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесу. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтылды.
АҚАРЫС ТӨРЕБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Біз жастарға жұмыс табумен қатар, өз дағдыларын дамытуға, нарық талаптарын түсінуге және мотивация алуға мүмкіндік беретін бірыңғай алаң құрып жатырмыз. Жалпықалалық мансап күндері» жобасы жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетудегі маңызды қадам болады және алматылық жастар арасында кәсіби дамуға тұрақты ынталандыруды қалыптастыруға көмектеседі».
Ұйымдастырушылар 8 мыңнан астам жастарды қамтуды және кемінде 500 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді жоспарлап отыр. Жәрмеңкелерден басқа, кәсіпорындарға экскурсиялар және БАҚ пен әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық қолдау қарастырылған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 412
https://www.youtube.com/embed/JwUQV5APba0?si=1duziae2gL9OmoIO"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 486
https://www.youtube.com/embed/QSXuk_HIUso?si=tLc0tZxpcns-ZR7_"
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мемлекет басшысының ІV Ұлттық құрылтайда көтерген тапсырмаларын талқылау мақсатында Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевпен кездесу өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың ғылым, білім және педагогиканы дамытуға баса назар аудара отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан негізгі тезистер талқыланды.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ "Ел Президенті соңғы 3 жылда өздеріңіз жақсы білесіздер 12 сәуірде Ғылым күнінде Ғылым кеңесін өткізіп отырады.Биыл 3 мәрте өткізу жоспарланып отыр.Сондықтан бұл да біздің жалпы Ғылым саласының дамуына үлкен серпін беріп отыр. Президентіміз Ұлттық құрылтайда өзінің бағдаламалық баяндамасында Заң мен Тәртіп деген негізгі мәселені қозғады, бұны үнемі айтып жүр. Әділетті Қазақстанның негізі де осы Заң мен Тәртіп."
Сондай Мәлік Отарбаев Ұлттық құрылтайдағы және Президентіміздің көтеріп отқан ең басты мәселелері қоғамдық мәдениетті дамыту екенін алға тартты.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ,ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ "Ия Заң мен Тәртіп болу керек.Заңмен шектелу керек.Бірақ бәрінен бұрын қоғамдық мәдениет дамығаны абзал. Жалпы біздің өзіміздің ұлттық құндылықтарға негізделген негізгі мәдениет болуы тиіс. Сондықтан да Президентіміз осыған мән беріп отыр.Біздер де бүкіл ғылыми еңбегімізді, зерттеуімізді, барлық зерттеу жұмыстарымызды осыған арнауымыз керек сияқты."
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 473
https://www.youtube.com/embed/s_RIA3dC7Ac?si=lrLKALCzFCoyj1wi"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі “Үздік лингвист – 2025” Республикалық зияткерлік байқауы өтті. Биылғы сайыс Қазақстанның белгілі ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызының 80 жылдық мерейтойына арналды.
Байқау басталмас бұрын шараға қатысушылардың назарына профессор,академик Элеонора Дүйсенқызына арналып жасалған бейне ролік ұсынылды. Артынша ғалымның тәрбиесін көрген шәкірттері өз ұстаздары жайында жылы лебіздерін білдіріп, оның ғылыми мектебінің маңыздылығына тоқталды. Олар Элеонора Сүлейменованың қазақ және жалпы түркі тіл біліміндегі жаңашыл еңбектерін, оның тілдік құрылымдарды зерттеудегі тың көзқарастарын, студенттерге берген терең білімін тілге тиек етті.
АЛЬБИНА ДОСАНОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, PhD ДОКТОРЫ
Байқауға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының магистранттары қатысып, лингвистика саласындағы білімдерін сынады. Қатысушылар тіл біліміне қатысты күрделі теориялық және қолданбалы тапсырмаларды орындап, өздерінің аналитикалық ойлау қабілеттерін, ғылыми зерттеу дағдыларын көрсетті.
ЖАННА ЖАЛАЙЫРҚЫЗЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, PhD ДОКТОРЫ
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: тест сұрақтары, лингвистикалық талдау, ғылыми жоба таныстыру және шетелдік студенттердің қатысуымен полиглоттан пікірсайыс өткізді. Әділқазылар алқасы қатысушылардың жауаптарын бағалап, үздік нәтиже көрсеткен магистранттарды анықтады. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Шара жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттырып, олардың болашақ зерттеу жұмыстарына серпін берді. Осындай зияткерлік жарыстар қазақ тіл білімінің дамуына үлес қосып, жас лингвистердің кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 447
https://www.youtube.com/embed/pwTWWbuStso?si=4Ze-IX8kboAhflX2"
Теміртауда жасөспірімдер 67 жастағы зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Видеода жасөспірімдердің зейнеткердің бетінен ұрып, оған түкіріп, балағат сөздер айтқаны көрінеді. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, жасөспірімдер қарияның пәтеріне кірерде өздерін электрші ретінде таныстырған.
РУСТЕМ СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Бұл оқиғаны учаскелік полиция инспекторлары әлеуметтік желіде видео жарияланбай тұрып, профилактикалық жұмыс барысында анықтады. Барлық кінәлі тұлғалар, оның ішінде кәмелетке толмағандар да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері оларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылады"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 426
https://www.youtube.com/embed/NWSt-zw6yS0?si=nNcDpMRpF3g6Z4CG"
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері: Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету,Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу,Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру, Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату,Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.
Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың саналы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 372
https://www.youtube.com/embed/ddRX12neA5E?si=Bhx1zbKsUZRdeCVp"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 427
2025 жылдың 28 наурызында Алматы қаласы Білім басқармасының медиа жоспарына сәйкес, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жаратылыстану-математикалық бөлімінің ұйымдастыруымен №173 мектеп-лицей базасында Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының физика, химия, биология, география пәні мұғалімдеріне «Білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытудағы жаратылыстанудың практикалық рөлі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум мақсаты функционалдық сауаттылық мәнін пәндік құзыреттілік мәнінде практикалық апробациялау. Семинарға 83 мұғалім қатысты.
Семинар-практикумның кіріспе бөлімінде Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Н.Б.Жакыпова жаратылыстану сауаттылығының құрылымдық маңыздылығына тоқталып, сабақ барысында құрастырылған тапсырмалар оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыруға бағытталуы тиіс екендігін атап өтті.
Семинар-практикумның тәжірибелік алаңы төрт аудиториялық секциялық жұмыста топтастырылды.
Семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде физика, химия, биология және география пән мұғалімдерінен құралған тренерлер, өздері құрастырған, өмірлік дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалармен таныстырып, тапсырма әзірлегу арналған 5 қадамын ұсынды:
1) Тақырыпты таңдай отырып контекстты анықтау (тақырып қызықты, өзекті болуы керек);
2) Тақырып бойынша мәліметтермен танысу (әртүрлі мақалалар);
3) Зерттеу мәселесі негізінде білім мазмұнын анықтау;
4) Алынған мәліметтерді интерпретациялау;
5) Мәселелерді шешу үшін, PISA құзіреттіліктеріне негізделген тапсырмаларды дайындау.
Тәжірибе топтық форматта ұйымдастырылды. Тапсырма құрастырудың 5 қадамына сүйене отырып, «Ығалды ауа», «Қышқыл жаңбыр», Сүтсіз және вегетариандық диеталарды таңдау», «COVID-19 пандемиясы», «Речные экосистемы под угрозой», «Использование удобрений в сельском хозяйстве» тақырыптары бойынша құрстырылған тапсырмалардың білім, контекст және құзіреттілік түрлерін анықтап, тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды орындау барысында жаһандық мәтіндердің берілу ерекшеліктеріне тоқталып, жаратылыстану сауаттылығы бойынша құрастырылатын тапсырмалардың ерекшеліктерін талдап, өз ойларымен бөлісіті. Сонымен қатар, тапсырма дайындауда жаратылыстану сауаттылығын жобалау әрекеттері мен зерттеулердің қолданыс мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.
Семинар-практикум қорытындысында физика пәні әдіскері Жақыпова Н.Б. қатысушылармен жаратылыстану сауаттылығы бойынша жүргізілетін тапсырмалардың деңгейлері туралы тематикалық кері байланыс өткізіп, қатысушылармен фронтальды сауалнама өткізді.
Семинар-практикум қатысушылары тәжірибелік алаңда жаратылыстану сауаттылығын дамытудың толық практикалық жұмыстарын қолданып, ұйымдастырушылар мен тренер-сарапшыларға алғыстарын білдірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 391
https://www.youtube.com/embed/Fi5QkPEX8EI?si=Y4wKEuG4xj1HlSpo"
Ақтауда өткен жылы қала әкімдігі 44 млн теңге жұмсап, заманауи үлгідегі 10 қоқыс контейнер сатып алған. Қыруар қаржыға алынған қоқыс жәшіктері желді аймақ үшін тиімді, санитарлық тұрғыдан тазалықты сақтауға да оң әсерін тигізуі керек болған. Алайда қанша қымбат болғанымен толассыз жауған жаңбырға төтеп бере алмады.
Қоқыс жәшіктері қалада толассыз жауын-шашыннан соң алғашқылардың бірі болып орнатылған 19-шы шағынаудандағы жер асты қоқыс жәшіктері жер бетіне қалқып шықты. Тұрғындар тарапы мұның барлығы сапасыз жұмыстың нәтижесі дейді.
Ал жәшіктерді орнатқан компания өкілдері орнатылуында еш мін жоқ. Бұл жауын-шашын салдарынан орын алды, өйткені жаңбыр суынан кейін жер астынан өтетін магистральдық құбырдың үстіндегі асфальт жабыны опырылып түскен деп отыр.
АЛЕКСАНДР ПАВЛЮКОВ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРЛЕРІН ӨНДІРУШІНІҢ ӨКІЛІ «Биыл бізде қар да , жаңбыр да мол жауды. Салдарынан топырақтың шөгуі басталды.Әрине оның жер астындағы жәшікке қатысы жоқ. Бірақ тізбекті реакция басталып, жер опырылды. Енді біз бұл қоқыс жәшігіне демонтаждадық, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз».
Ал әкімдіктегілер бұл үшін ешкім жазаланбайтынын , бұндай оқиға қала ішінде тек бір жерде орын алғанын айтты. Ал келтірілген шығынды контейнерді өндіруші компания кепілдік мерзіміне сәйкес қайта қалпына келтіреді.
ҒАЗИЗ САҒЫНҒАЛИЕВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ «Осы жағдайға байланысты қоқыс жәшігі жердің бетіне шығудан бұрын айналасындағы автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын ойылғандығын тұрақсыздығын байқауға болады. Алдын ала жарылған. Ол тек ғана бір нүктеге емес әртүрлі аймақта орын алған».
Бұл заманауи қоқыс жәшіктерінің әрқайсысысына 4,5 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Биыл шенеуніктер 1 миллиард теңгеге осындай контейнерлерді сатып алудан бас тартты.
Еще материалы
Страница 29 из 246

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.