Бүгін Жоғары білімнен кейінгі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мен БАҚ өкілдері Алматы қаласындағы жатақханалардың жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екенін көріп қайтты.  

Биыл елімізде 27 жатақхана салу жоспарланған болатын.Онда 10 000 нан аса орын қарастырылған. ЖОО-да орын алып отырған мәселелердің оңтайлы шешімін табуда  бірқатар жұмыстар атқарылуда.

АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ, ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Жалпы бүгінгі таңда Республика бойынша 27 жатақхана аяқталады деп күтіліп отыр.Бүгінгі таңда 10 жатахана пайдалануға берілді,құжаттар қабылдануда.Алматы қаласында және Астана қаласында бізде былтырғы жылы ең көп жатахана тапшылығы болған болатын.Сондықтан Инфроструктураның қаншалықты студенттерді қабылдауға жеткілікті екендігі, оларды жатаханамен қабылдау ЖОО-на  міндеттеме тапсырылғандықтан бұрынғыдай грантпен немесе ақылы түрде бүкіл студенттерді жинап алуға мүдделі емес.Яғни бірінші кезекте, тек қана қаржы мәселесі емес,бірінші кезекте студенттерге жағдай жасау мәселесі тұр.Жалпы қазір ЖОО биылғы оқу жылына құжаттар қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.Сондықтан келіп түскен өтініштер негізінде университеттерде қазір тапшылық жоқ». 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры Сәбит Құрманжанұлы жатақхана тапшылығын шешу тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстарды атап өтті. 

СӘБИТ ҚҰРМАНЖАНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚҰУ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:«Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚҰУ қарасты 15 жатақхана, 23 оқу және әкімшілік ғимараты бар.Жатақхананың салынғанына 70 жыл болған.Қазіргі таңда жалпы университет бойынша 56 пункте дабыл кнопкасы іске қосылған.Университет қазір 5890 студентіне біз орынды қамтамасыз ете аламыз.Одан бөлек, 3 жекеменшік хостелдермен келісімшартқа отырдық, 1500-2000 студенттерді қамтамасыз ету жоспарлануда.Келісім шарт толықтай жасалынды.Біз бірінші кезекте ережеге сәйкес көпбалалы отбасылар,әлеуметтік деңгейі төмен балаларға беріледі». 

Оңтүстік астанамыз Алматыдағы жатақхана жыры жаңа оқу жылы жақындағанымен жедел шешуді талап етеді.