Оңтүстік астанамыз Алматыда жауған қардың салдары көлік қозғалысын қиындатты. Шаһар көшелері көлік кептелісінен көз ашқан жоқ. Мамандар қардың тоқтауын күтті ме, түске дейін қала көшелерін қардан тазарта қоймады.«Қазгидромет» дерегіне келер болсақ,  ауа температурасы минус 20 градусқа дейін төмендейді,тұман түсіп, жолда көктайғақ болады.  

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы атап өткендей, түнгі уақытта көктайғақтың алдын алу мақсатында дислокация орындарында 176 құм таратқыштың кезекшілігі жоспарланған. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылған.