Алматы маңындағы мореналық көлдердің деңгейі көтерілген. Қазірдің өзінде 6 көл жауын шашын мөлшері мен қарқындылығына, температура жоғарлығы мен жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты қауіпті саналады. Сол себепті ол аумақтарда арнайы жұмыстар жүргізілуде.

БАУЫРЖАН ЖҰМАҒАЗЫҰЛЫ ҚР ТЖМ «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫШ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Қазіргі таңда, үш көлдің бірінші көлінде көлдерді түсіру бойынша екі сифон жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде көлдің деңгейі түсіп жатыр. Қалған екі көлде, яғни, Түрген -2 мен Талғар өзенінде жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі таңда сел қауіпті кезеңінде төтенше жағдай министрлігінің, қазселденқорғау мекемесінде арнайы жедел штаб құрылды. Одан бөлек Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімшіліктерінен қаржылай қолдау көрсетілді. Анықталған барлық қауіпті, қатерлі күндерге нақты іс шаралар жүргізілуде және жоспарлануда».

Айта кету керек, Талғарда 12 млн кубты ұстайтын сел ұстағыш бөгеттер салынған. Басқарма басшысы көлдерге қатысты жүргізіліп жатқан іс шаралардың қай уақытта тәмамдалатынын айта кетті.

АНРИ ДАНИЯР ҚР ТЖМ  «КАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Бұл жұмыстар ауа райына байланысты ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін аяқталады деп күтілуде. Талғар бағытында жергілікті атқарушы билік тарапынан сел қаупін болдырмас үшін төтенше жағдай жарияланды. Қазір жағдай тұрақталды».