Алматы облысы Қонаев қаласында Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндіруге арналған бас қосу орын алды. Айтулы шараға сала мамандарымен қатар, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары қатысты.

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Шаруалардың бастапқы проблемасы – алғашқы капиталдың жоқтығы. Ең басты проблемалардың біреусі сол. Көп мәселелердің біреусі – түсіндіру жұмыстарының баяу жүріп жатқаны. Соны осы жерде бастама жасап, облыс, қала, аудан, ауыл депутаттары осы инециативаны ары қарай алып кетіп, белгілі бір алгартимды халыққа қарапайым тілмен түсіндіруіміз керек. Сонда барып қозғалыс басталады».

Егер өнім өсіретін және өндіретін шаруалар бірігіп жұмыс жасаса, 25 млн теңгеге дейінгі қаржы қолдауына ие болмақ. Бұл ақшаға өнімін өткізіп, өзіне керек техникасын сатып алуына мүмкіндік болады.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Аграрлық саланың қызметкерлерімен кездестік. Көптеген мәселелер бар. Әсіресе, кеше күзде жиналған өнімдердің кестедегідей жүзеге асу-аспауы, кестедегідей сатылып-сатылмауы, төмендеуі осының барлығы қоғамдағы түрлі шаруаларға алып келді. Бүгін тек жеке-дара депутаттар келген жоқ. Үкіметтің нақтылы ауыл-шаруашылық мекемесі, су мәселесіне қатысты су комитетінің төрағасы бар, сонымен қатар мәжіліс депутаттары барлық мәселелерді шаруалардың алдына келіп, бірге талқыладық. Мен ойлаймын, уәкілетті өкілдер нақты жауаптарды алды».

Айта кетейік, депутаттардың сөзінше ауылшаруашылық кооперативтері «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіріледі. Шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау шарттары жеңілдетілмек.