Алматы облысы Қарасай ауданында мектептегі білім сапасын арттыруға қатысты «Ізденіс. Тәжірибе. Шешім» атты облыстық педагогикалық идеялар форумы өтті.Онда білім беру орталығында өткен форумда білім сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, білікті спикерлерден тың ақпараттар берілді.  

Жиынға облыстық, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары және ұстаздар қатысты.

ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Бұл форумның басты мақсаты – оқушылардың білім сапасын көтерудегі тиімді жолдарды іздестіру. Бұл форумға бүгінгі күні бізде Алматы қаласының және С.Демерел атындағы университеттің ұстаздары спикер болып келіп отыр. Себебі, осы аталған білім беру мекемелерімен біз ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойған болатынбыз».

Форум 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – пленарлық отырыс. Спикерлер панельді пікірталастарымен бөлісті.  Екінші бөлім – секциялық отырыс. Спикерлар арнайы мамандармен білім сапасын арттырудағы кедергілерді жою жолдарын қарастырып, практика жүзінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.

СӘУЛЕ МАХАМБЕТОВА АЛМАЛЫБАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгін өз алдына бөлек әрі қызықты 9 алаңның жұмысы көрсетілді. Ол жерде оқушылар әртүрлі конфликттан қалай шығатыны туралы, қалай оқушыларды жаңа форматта оқытуға болатындығы жөнінде т.б тақырыптар туралы айтылды.  Бұл әртүрлі алаңдық жұмыстар жаңа дүниелерді жасап үйренуге, сабақты қызығып оқуға үйретеді. Сондықтан, біздің мектебіміз бұл жоспар аясында бірлесіп үлкен еңбек етуде». 

Спикерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ұстаздарға жаңа әрі тың ақпараттар айтты. Жаңа идеялар, инсайттар мұғалімдердің жаңаша білім беруге бет-бұрыс жасай алды.

НАЗИМА БАЛАПАНОВНА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан, сауатты әрі зерек ұрпақты жетілдіру ұстаздар қолында.