Алматының Атакент көрме орталығы аумағында орналасқан екі қабатты дәмхана өртеніп кетті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Оқиға орнына 5 минутта жеткен өрт сөндіру қызметі үш учаскеге бөлініп, үздіксіз су беру арқылы қызыл жалынды дер кезінде сөндірді. Дәмханадан үш газ баллоны сыртқа шығарылды. Кәсіпкерлік нысанының шатыры жанып кеткен.

ТЛЕУБЕРДІ МӘДИЕВ ТЖД ӨР СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:  «Кафенің екінші қабаты толық өртке оранды. Өртті сөндіру желдің ұйытқуы мен және кафенің ағаш құралдары мен жабдықталғандықтан қиындық тудырды.Бұдан бөлек кафеден екі метр жерде төрт жанар-жағармай орналасқан. Жалпы, жағармай қоры 2,5 тонна болды. Күш пен құралдардың дер кезінде және жлдам әрекеттің арқасында өрт 21:17 минутта  тежеліп, 21:33 минутта толық жойылды».