Ауғанстанда тағыда жер сілкінісі. Бұл соңғы сегіз күндегі зіл-заланың жетінші рет қайталануы.Ол 6,5 магнитудалы болды. Герат провинциясының билігі бір адамның қаза тапқанын және 35 зардап шегуші бар екендігін хабарлайды.
ЗАРДАП ШЕГУШІ: "Жер сілкінісі болған кезде мен сыртта едім және не болып жатқанын білмедім. Ол аяқталған соң үйге кіріп, қыздарымның құлаған қабырға астында қалғанын көрдім. Тағы бір қызымның қолы сынды".
Табиғи апаттарға қарсы күрес министрлігінің мәліметінше, Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандардың саны 2400-ден асқан. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі басқа санды келтіруде. Олардың мәліметінше құрбандар саны мыңға жуық, 2000 адам зардап шеккен.
ФИЛИПП КРОПФ – АУҒАНСТАНДАҒЫ ҰҚЖ ӨКІЛІ: "Зіл-зала ондаған ауылға әсер етті. Кейбіреулері толығымен қираған. Аман қалғандар бәрінен айырылды. Олардың ішерге асы, басында бастамасы жоқ".
Гераттың көптеген тұрғындары жаңа жер сілкіністерінен қорқып, шатырларда өмір сүруде.
ГЕРАТ ТҰРҒЫНЫ:«Бірінші жер сілкінісінен кейін-ақ далада қалдық. Үйіміз өте нащар салынған екен».
Соңғы екі жылда Ауғанстандағы билікте Ресей мен басқа елдерде тыйым салынған топ - «Талибан» тұр. Соғыстан кейін әбден құлдыраған ел ұзақ жылдар бойы халықаралық гуманитарлық көмекке тәуелді болды. Билікті талибандар басып алған кезде бұл көмекті едәуір қысқартты.