Ақмола облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған студенттің өліміне қатысты Мемлекет басшысы ішкі істер министріне тапсырма берді. Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.
Еске сала кетейік, 6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында жоғары техникалық колледжінің 4-курс студенті Роман Бодаговтың өлі денесі Бурабай курорты мен Кенесары арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының студенттің өлімін жан-жақты тергеу бойынша берілген тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шықты.
МҰХТАР ҚОЖАЕВ ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ “Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.”