Өскелең ұрпақ – кез келген ұлттың болашағы. Олардың адал, білімді, еңбекқор болып өсуі – бүкіл қоғамның міндеті. Президентіміз құрылтайда айтқан Еңбек адамы- Адал азамат бала тәрбиесіне қатысты білім министірлігі ұсынған жоба бойынша ұсынылған  іс шараның куәсі болып қайтқан едік. Толығырақ келесі бейнематериалында.

Біртұтас тәрбие – бұл тек қана білім беру емес, ол – баланың жеке басын қалыптастыру, оның бойында адамгершілік, ізгілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу.Айтулы іс-шара жас ұрпақты ұлтжандылыққа баулып қана қоймай, қазақтың салт дәстүрін жастайынан ұғып, бойына сіңірсін деген мақсатта ұйымдастырылып отыр.

АЙГҮЛ ҚАСЫМБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Бүгін №75 Бөбекжай балабақшасында аналар шеберлігі атты әдемі семинар өтті деп ойлаймын. Себебі Біртұтас тәрбие аясында аналардың рөлі, қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесіндегі рөлін көрсетті.Одан кейін салт дәстүрді дәріптеу мақсатында осындай керемет іс-шара өтті.  Осындай іс-шаралар өткізіліп тұрса, мен ойлаймын барлық елде барлық отбасыларда осындай береке болады деп ойлаймын».

ЖАДЫРА АҚБАЕВА, №75 БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Бүгінгі семинардың мақсаты- біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғыртып, бүлдіршіндерге таныстырып, естерінде қалсын деген мақсатпен балабақшада, Аналар арасында осындай мерекелік іс-шара өткіздік. Біртұтас тәрбие бағдарламасы- жалпы адамзаттық және ұлттық  құндылықтарды бойына сіңдірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматтарды тәрбиелеу».

Отбасы – тәрбиенің алғашқы ұясы. Ата-ананың үлгісі, олардың балаға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, отбасындағы қарым-қатынас баланың жеке басының қалыптасуына үлкен әсер етеді.Бүгінгі іс-шара соның нағыз дәлелі.