«Біздің елдің жігіттер,жігіттердің төресі» деп жырлаған ЕсенқұлЖақыпбеков нағыз елдің азаматы еді. Оның отты жырлары,көпшіліктің көңілінен шығып, риясыз ықыласына бөленді.Бүгін Есағаңды еске алу шарасы өзінің туған өлкесінде орын алды. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Артына өшпес мұра қалдырған, бір қазақтың емес, бар қазақтың ұлына айналған дара ақынды ардақтауды, мол мұрасын жастарға насихаттауды мақсат тұтқан кешке өнердегі қаламдас достары, шәкірттері,аудан әкімі мен ақынның өмірлік жары Меңсұлу Сұлтанқызы да қатысты. Есенқұл Жақыпбеков – халқымыздың ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің мәртебесін биіктеткен, ақындық өнердің көрнекті өкілі. Есағамыз – ақындық пен қатар айтыс өнерін қатар тізгіндеген жан. Ол – жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғап, өнерін өрістеткен суырыпсалма айтыскер, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан талантты ақындардың қатарынан ойып тұрып орын алған тұлға.

НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

ЕРМЕК ЖҰМАТАЕВ  Е.ЖАҚЫПБЕКТІҢ ШӘКІРТІ, АҚЫН

Есағаң ортамызда болғанда 70 жасын атап өтер едік.Бірақ тағдырдың жазғаны болар, мәңгілік өмірге сапарлап кетті.Десекте оның отты жырлары ешқашан өлмек емес. Есенқұл ақынға арналған естелік кітаптар да жазылып жатыр. Бүгінгі шараға жиналған жұрт,ақынның өресі биік туындыларын сөз етіп,аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары оның жырымен жиналғандарды сусындатты.

АҚАН ӘБДІУӘЛИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Есенқұлды еске алу елдің парызы.Өйткені ақынның қалың еліне қалдырған өнегелі мұрасы ұмыт қалмауы керекті.