16 желтоқсан елдігімізді айшықтап,тәуелсіздігімізді тұғырына қондырған ұлы мереке! Осы айтулы мерекеге орай Алматы қаласындағы А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп ұжымы тәуелсіздік жолында жандарын аямай алаңға шыққан аға буын өкілдерімен кездесу өткізді.

Егемендіктің қадірі еліміздің әрбір азаматының басындағы алтын тәжі іспетті. Осы қасиетті ұғымды келешек ұрпақтың бойына сіңіріп өсіру мақсатында ұйымдастырылған шарада, мектеп оқушылары осы күнге жеткізген алдыңғы буын өкілдеріне алғыстары ретінде ән де айтты,күй де шертті, би де биледі. Келер ұрпақтың бақытты жүзін аңсаған аға буын өкілдерінің армандарының орындалғанына көз жеткізді. Өз кезегінде желтоқсан ардагерлері қиын-қыстау күндердегі естеліктерімен бөлісті.

НӘЙЛӘ ДҮЙСЕКЕНОВА ЖЕЛТОҚСАНШЫ АРДАГЕР:

Сонымен қатар мектеп ұжымы «Өнерім саған, тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында шәкірттердің қолдарымен жасаған туындыларының көрмесін де ұйымдастырды. Бұл өткізіліп отырған іс -шараның барлығы да, мектеп қабырғасынан ақ білім мен патриоттық сезімді оқушылардың бойына қатар сіңдіру басты мақсатымыз дейді білім ошағының басшысы.

ЛӘЗЗАТ ДОЛАНБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ А.ҚАРСАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ 41 ЖББМ ДИРЕКТОРЫ.

АЙЖАН АБДРАХМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ А.ҚАРСАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ 41 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сонымен қатар, Алматы қаласы Алатау ауданы 149 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында да «Тәуелсіздік тірегім,соғып тұрған жүрегім» атты мерекелік шара өтті.

ШЫРЫНКҮЛ ЗЕЙНОЛЛАҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №149 ЖББМ ДИРЕКТОРЫ:

Шара барысында еліміздің болашағын қалыптастыратын,егемендігіміздің арқасында ойын еркін жеткізуге қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндеріміздің пікірін білуге тырысқан едік.

КАМИЛА ТАЛҒАТҚЫЗЫ ОҚУШЫСЫ:

Көк туымызды мақтанышпен желбіреткен шәкірттер қауымының өнерін тамашалап елін сүйетін,ана тілін қастерлеп,тәуелсіздіктің тұғырын тайдырмас ұрпақ өсіп келе жатқанының куәсі болдық.