Израильдің оңтүстігінде сәрсенбі күні мен бейсенбіге қараған түні түсірілген Таймлапс Газа секторындағы  зымыран атқылауларының  күшейтілгенін, жойқын жарылыстардан кейінгі көтерілген көк түтінді көрсетуде.

Израиль Үкіметі мен ХАМАС сәрсенбіде  Газада кепілге алынған 50 тұтқынды Израильде қамауда отырған  150 палестиндікке  айырбастау үшін    жауынгерлік іс-қимылдарға  төрт күндік үзіліс жариялауға  келісті. Сонымен қатар, анклавқа гуманитарлық  көмек жеткізу жоспарлануда. Бітімгершілік пен  тұтқынға алынған адамдарды босату уақыты әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Мысырдың қауіпсіздік қызметіндегі дереккөз жеткізушілер  делдалдар  бейсенбі күні кездесуге келіскенін хабарлады. Алайда, премьер-министрдің кеңсесі кепілдікке алынғандарды босату жұмадан ерте болмайтынын және Израиль соғысты соңына  дейін жалғастыра беретінін айтады.

ДАНИЭЛЬ ХАГАРИ – ИЗРАИЛЬ ӘСКЕРІНІҢ ӨКІЛІ: "Біз соғыс отының қашан тоқтайтынын білмейміз. Әзірге біз соғысқа ден қойып отырмыз. Бүгін біз тағыда  ХАМАС  туннельдерін тауып, оларды бұзу жұмыстарын жүргізудеміз".

Қақтығыстың жетінші аптасында алғаш рет атысты тоқтату туралы Катар делдалдығымен келісті. Алайда, Газа тұрғындары наразылығын білдіріп отыр.

ГАЗА ТҰРҒЫНЫ: "Бұл бітімнің қандай пайдасы бар? Адамдарды қалай болғанда да айырбастау жүреді. Біз соғыс отын тоқтатқымыз келеді, қантөгіс болмағанын қалаймыз".

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жауынгерлік іс-қимылдарды төрт күннен артыық тоқтатуға шақырды, сондай-ақ анклавта гуманитарлық дағдарыс жалғасып жатқанын айтты. Израиль  Газа секторын бақылайтын Хамас тобын 7 қазандағы шабуылы үщін  жоюға уәде етті.  Шабуыл кезінде содырлар 1200 бейбіт тұрғынды  өлтіріп, 240 адамды тұтқынға алған.   Содан бері Израиль анклавтың қалалық орталығы - Газа қаласының басым бөлігін бомбалады. Ол сондай-ақ адамдарды анклавтың солтүстік бөлігінен кетуге шақырды. Салдарынан  екі миллионнан астам палестиндықтардың жартысы  қашып үлгерген.