"

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі Ғылым апталығының жабылу салтанаты өтті. Бұл апталық білім мен ғылымның тоғысқан тұсында еліміздің ғылыми-зерттеу бағыттарын жаңа белеске көтеруді мақсат еткен маңызды іс-шара ретінде есте қалды. Ғылым апталығының жабылу салтанатында университет басшылығы апталық аясында белсенділік танытқан оқытушылар мен студенттерге, қатысушылар мен жас ғалымдарға алғысын білдірді.

ЕРТАЙ СҰЛТАНҰЛЫ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ-НІҢ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ  ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ: «Жалпы енді 12-сәуір Ғылым қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған сондай-ақ Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған Абай университетінің Ғылым апталығы 2025 өз мәресіне жетіп отыр.Бұл апталықтың ішінде шамамен жалпы саны 120-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде ашық дәріс оқу, топ менеджмент ашық дәрістер, халықаралық конференциялар, семинарлар, кездесулер, сондай-ақ саяттар ұйымдастырылды.Биылғы жылғы жалпы бұл іс-шараның басқа жылдан ерекшелігі барлығы ашық есік күні форматында өтті».

Салтанатты кеш барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумды дайындауға және өткізуге  белсенді атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен, гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломдарымен, ғылыми жоба жеңімпаздары мен жетекшілері, белсенді зерттеушілер алғыс хаттармен  және естелік сыйлықтармен марапатталды.