Егде жастағы Пәкістан елінің азаматы Чампа мен оның ұлдары жарты жылдан бері жаңа үйлерде тұрып келе жатыр. Сыртқы бейнесіне қарғанда қарапайым көрінгенімен, бұл дизайнның артында үлкен инновациялық технология жатыр.

Былтыр Пәкістанда жойқын су тасқыны болған еді. Бұл жердегі ауыл тұрғындарының үйі саманнан жасалған. Сол себепті, тасқын кезінде үйлерді су шайып кетіп, Чампа отбасымен баспанасыз қалған.

ЧАМПА БАЙ ВИШРАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біздің үйіміз осы жерде болған, бірақ оны су шайып кетті. Барлығы құлап, үйіндіге айналды».

Чампа мен оның ұлдарына жаңа үй салуға Пәкістанның қайырымдылық ұйымы көмектескен. Бұл ұйымның негізін қалушы Пәкістанның алғашқы сәулетшісі – Ясмин Лари. Ол нөсер жаңбырға, желге және су тасқынына төтеп бере алатын үй жасап шығарған.Бұл үйдің қабырғасы бамбуктан жасалынған. Бамбук ағаштары жоғары көтеріп тұрған іргетасқа бекітіледі. Содан кейін, қабырғалары саз балшық және әкпен сыланады. Олардың ерекшелігі – су өткізбеуінде. Төбелері сабан және брезентпен жабылған. Бұндай құрылыстың құны – 100 доллардан аз.

ЯСМИН ЛАРИ СӘУЛЕТШІ:«Бұрын адамдар сапалы, жақсы үйлер салған. Мен тек олардың жасағанынан өз тәжірибем арқылы табиғи апаттарға төзімді, жайлы үйлер жасау үшін аздап өзгертемін».

Чампа жақында болған тағы бір су тасқынынан аман қалды. Оның жаңа үйінің еш жері бұзылмаған.

ЧАМПА БАЙ ВИШРАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мен өте қуаныштымын. Үйіміз керемет. «Құлап кетеді» деп қорықпаймыз. Ол кез келген жаңбырға да, дауылға да төтеп бере алатынына сенімдімін. Мен дән ризамын».

Әрине, бұндай үйлерге арасында сыни пікір білдіретін сыншылар да бар.

НОМАН АХМЕД ПРОФЕССОР: «Мүмкін мұндай үй ауылдық жерлерге қолайлы шығар. Бірақ оның қала маңы мен қалаларға қолайлы болуы екі талай. Тағы бір кемшілігі - мұндай үй тек 1 қабатты ғана болуы мүмкін».

Дегенмен, қайырымдылық ұйымы қазірдің өзінде осындай үйдің 55 мыңын салып қойған. Оның 4500-і былтырғы су тасқынынан кейін салынған. Алдағы уақытта, барлығы 350 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.