"
Күні кеше еліміздегі мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, 352 мың оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Алматы облысына қарасты Нұрсултан Әлімқұлов атындағы мектептің 1 сыныбына 150 оқушы қабылданып, өзінің 50 жылдық мерей тойын атап өтті. Мектеп табалдырығын 1974 жылы аттаған түлектер бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Аталаған білім ордасында биыл 1200 ден астам оқушы білім алады.
Қоңыраудың сыңғыры 1 қыркүйек күні еліміздегі барлық білім ордаларында естілді. Биыл мекетептерде 3,5 миллионнан астам бала білім алады. Жаңа оқу жылын балақайлар қуанышпен бастаса енді бірі жаздың жайма шуақ күніндеріндегі ойындарын қимайды. Ал ұстаздар оқушыларымен көрісіп, жұмыстарына қарқынды кірісе бастаған.
НҰРГҮЛ ЖҰМАБЕК Н.ӘЛІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Биыл біздің мектебімізге ерекше жыл болды. Себебі мектебіміздің 50 жылдық мерей тойы аталып өтті. 50-ші бүлдіршіндерімізді қабылдап отырмыз. Мектебіміз жайлы тоқталып өтсек. Мектепте 97 мұғалім жұмыс жасайды. 1200 оқушы оқиды. 50 жылдық тарихы бар».
Нұрсултан Әлімқұлов атындағы мектептің түлектері білім ордасын аралап, өткен күндерін еске алды. Ұлт пен ұлысқа бөлінбей бір партада білім алған оқушылар бүгінде ел ағаларына айналған.
ВИКТОР КОРМАЧЕВ ТҮЛЕК: «Біз 1974 жылы мектеп табалдырығын аттаған едік. Міне 50 жылдан астам уақыт өтіп кетіпті. Мектеп жаңарған, өте тамаша деп айтар едім. Мектеп кезіндегі қызықтарды айта берсең көпқой. Қамсыз, уайымсыз кезеңдеріміз еді. Мектепте әр түрлі ұлт өкілері оқыдық. Барлығымыз бір-бірімізге бауырдай араластық. Қазіргі күнге дейін жақын достармыз».
Айта кетейік, қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылмақ.