Жақында Конституциялық Сот ерлер мен әйелдер бала асырап алғысы келетіндердің тізімінде тең дәрежеде бола алатынын мәлімдеді.Бұл шешім қаншалықты орынды, қауіп-қатерлер қандай? Жалпы елімізде бала асырап алудың тәртібіне өзгеріс енгізіле ме? Деген сауылға заңгердің піріне назар аударған болатынбыз.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған мәселенің басы мынадан басталған.Конституциялық Сотқа ер адамдардың бала асырап алуына рұқсаттың болмауы туралы нормамен келіспеген қазақстандықтың арыз жолдауы себеп болған. Артынша құзырлы орган "Неке және отбасы туралы" кодекстің 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасын Конституцияға сәйкес емес деп таныған. 

БАУЫРЖАН СЕРАЛИН ЗАҢГЕР

Конституциялық Сот Үкіметке осы нормативтік қаулы жарияланғаннан кейін 6 айдан кешіктірмей Парламент Мәжілісіне Конституциялық Соттың осы нормативтік қаулыда жазылған құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, бала асырап алу институтын құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын енгізсін деп нақты ұсыныс берді. 

БАУЫРЖАН СЕРАЛИН ЗАҢГЕР: «Конститутциялық сот осыны айтқаннан кейін 2 тапсырма берді.Біріншіден, Үкіметке 6 айдың ішінде Парламентке заң жобасын енгізу туралы,осы мәселені реттеу үшін.Қандай ер азаматтарға болады,қандай жағдайда.Мүмкін оларға жоғарылатылған талаптар қойылады.Ол жағын Үкімет дайындап 6 айдың ішінде Мәжіліске енгізуі керек.Одан кейін барып,мәжіліс қарастырып,талқылап қандай өзгерістер болуы белгісіз.Бұл тыйым әлі өз күшінде.»

Заңгер бала асырау үлкен жауапты іс болғандықтан, Үкімет пен Парламент өз жұмысын жүргізіп, мәселені соңына дейін жеткізуі керек деген пікірде. Ал, бұл қаулыға қоғамның пікірі қандай?

Конституциялық Соттың ерлер мен әйелдер бала асырап алғысы келетіндердің тізімінде тең дәрежеде болуы керек деген шешімнің қаншалықты пайдалы болары уақыт еншісінде.