Алматыда бұршақ аралас жаңбырдың қалыптан тыс жаууы салдарынан «Есентай молл» сауда орталығындағы жерасты автомобиль туннелі су астында қалды. Сағат 18:30-дан бастап әл-Фараби даңғылындағы жаңбыр суы арық желісіне сыймай, жарты сағат ішінде жол бөлігіндегі көлік айрығының Шығыс және Батыс бұрылыстарына, сондай-ақ «Есентай» СОО қарсы жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жайылып, үлкен қоқыстар мен лай жиналған. 

АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАТТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ «Бұрын соңды болмаған 9 мм нөсерлі жауыннан  көлік айрығының сорғы станциясының автомат құрылғылары істен шықты. Оны төтенше жағдайлар қызметі қолмен қосқан болатын. Суды соруға 4 суару машинасы, бес мотопомпа мен багрлер, шанц құралдары пайдаланылды. Таңғы сағат 2-де су тартылып, жерасты тоннельдері арқылы көлік қозғалысы қалпына келтірілді».

Қазіргі уақытта сорғылар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Туннельдерден су сору жұмысы қалыпты жағдайда жүргізілуде. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.