Жаздық демалысқа шыққан жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу маңызды. Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен барлық қалалар мен облыстарда оқушыларды мектепішілік және демалыс орындарында лагерлермен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылып жатыр.Мәселен Алматы қалалық білім басқармасы барлық білім шаңырақтарында балалардың жақсы демалуына, қызығушылықтары мен рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруді қарастырып отыр. 

ГҮЛЖАН ДОСАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ №38 ҚАЗАҚ-РЕСЕЙ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Лагерде балалар түрлі үйірмелерге қатыса алады.Мәселен білікті тәлімгерлерден спорттық, экологиялық,лингвистикалық, айти,роботатехника,ән-би секілді өнерге машықтандырылады. Ата-аналар тарапы балаларын қуана әкелуде.Өйткені баланың бос уақытын ұтымды пайдалану, баршаға ортақ мәселенің бірі.

МҰРАТБЕК ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ АТА-АНА