Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық форматты дамыту мен жасанды интеллектіні жандандыру жөніндегі тапсырмасы еліміздің білім беру жүйесіне тың серпін әкелмек. Президенттің бұл бастамасы – заманауи технологиялар дәуірінде сапалы білім берудің, инновациялық ойлауды қалыптастырудың, педагогтардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды қадамы болып табылады.
Алматы қаласына қарасты №207 мектеп-лицейінде білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған тағылымды семинар өтті. Іс-шара «Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллект құралдарын пайдалану жолдары» тақырыбында ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануға үйрету және цифрлық сауаттылық деңгейін көтеру.
ШОЛПАН БӨБЕКБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Қатысушылар ChatGPT, Canva, Google AI секілді заманауи цифрлық құралдар мен платформалардың мүмкіндіктерімен танысып, оларды сабақ жоспарын әзірлеу мен оқу материалдарын түрлендіруде қолданудың тиімді жолдарын талқылады. Семинар барысында педагогтер тәжірибе алмасып, интерактивті форматта шеберлік сағаттарына қатысты.
ӘЛИМА АСҚАРҚЫЗЫ, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ӘДІС БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ
Семинар қатысушыларының назарына оқушылардың қолымен жасалған табиғи таза өнімдер көрмесі ұсынылды.Интелектуал жастар, адам ағзасына пайдалы өсімдіктерді өсіріп,одан түрлі сусындар ойлап тапқан.Бұдан бөлек теріге пайдалы сабындарды жүзеге асыра бастапты.
ТОРҚАЛЫ ЖАНДЫБАЕВА, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ