Елімізде алғаш рет  жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылып жатыр. Ол негізінен, ұлттық мүдде, ар-ұят, талап осы үш құндылыққа бағытталған. Мақсат, ұлт сапасын арттыру. Айтпақшы, осы бағдарлама аясында жаңа оқу жылынан бастап республикадағы мектептерде ата-ана орталықтары өз жұмысын бастады. Онда бала, ата-ана және ұстаздың үшжақты қарым-қатынасын дамытуға ден қойылатын болады.  

МЕРУЕРТ МЕДЕТБЕКОВА ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Мемлекеттік құзырлы органдардың барлық өкілдерімен бірлесе отырып, оқу-ағарту министрлігі тарапынан бірлескен жоспар жасалынды. Осы жоспар аясында нақты денсаулық, қорғаныс министрлігі болсын, төтенше жағдай болсын, министрліктер арасынан өзіндік бағыттағы жұмыстарды практика тұрғысынан нақты өкілдіктері келіп, сертификатталған тренерлері келіп оқытуды көздейді».