"
Жарық күнде жарықсыз отыр дегенді естігенсіздер ме? Иә, Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылының тұрғындары осылай күн кешуде. Әріптесім Шолпан Маратқызы жағдайды өз көзімен көріп қайтты.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ТІЛШІ: «21 ғасырда тіршілік көзі жоқ. Иә, құлаққа ерсі естілсе де, жылдар бойы жырлап күткен жеріне қол жеткізген жұрттың қазіргі көрген күні осы. Айтса сенгісіз өмірді сүріп жатқан Ақши ауылының тұрғындары әкімдіктің табалдырығын тоздырып келе жатқандарына міне 1 жыл толған. Бұған кім жауапты, кім кінәлі? Неге жауап жоқ? деген сұрақтар оларды күнде мазалайды».
Бұл – Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылы. Ауыл әкімдігі былтыр жаз мезгілінде жер телімін бөліп, арнайы құжаттамалар толтырылып, кезегін сарыла күткен халықты қуанышты жаңалықпен қуантқан. Алайда, алған жерімізде жарық пен судың жоқ екенін білмедік дейді тұрғындар.
СЕРІКБЕК ТӘТІБАЙҰЛЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ «Енді аз күнде мектеп жиылса, бала шағамыз оқыса, осы қараңғы үйде балаларымыз қорқып бір жағдай болса, кім жауапкершілік қылады? Бәріміз жұмыстағы адамбыз».
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ «Бізге су мен тоқты кім береді? Бізге жауап беретіндер бар ма, жоқ па? Аз уақытта балаларымыз сабаққа кіреді. Жауапты аламай отырмыз, бірнеше уақыт болды».
Келісім шарт бойынша 2 жыл 10 ай ішінде бөлінген жерге жер иесі үй салуы қажет. Салынбаған жағдайда жер телімі үкіметке қайта қайтарылады. Сол себепті тұрғындардың басым көпшілігі жерлеріне үй салып, тіпті отбасымен ішіне қоныстанып алған.
ЫРЫСБАЙ МӘМИ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Біз былтыр майда осы жер учаскесін алғанбыз. Үйіміз бітті. Бірақ, свет жоқ. Біз алты айдан асты қиналып жатырмыз. Суды да ақшаға алып жатырмыз. Әкімшіліктен еш жауап болмай жатыр. Күн суып келеді. Бала шағам мектепке барады. Үйдің ішін сылайын десем, оған да су керек».
Көргендеріңіздей әр отбасының жағдайы осы көріністен аспай тұр. Себебі, жарық пен сусыз еш құрылыстың жұмысы бітпек түгілі жүрмейді де. Жыл бойына шыдап келе жатқан жұрт мұңын арқалап, жер бөлген ауыл әкімдігіне де барып көрдік. Алайда, ауыл әкімі еңбек демалысында болғандықтан, сауалдарымызға орынбасары былай деп жауап берді.
ДИНАРА ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ АҚШИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ақши ауылында былтыр тоқсан гектар жер учаскесіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін инжинерлік инфроқұрылымдық құрылысы жүргізілген. Жер учаскесінің саны төрт жүз жетпіс. Жер телімі толық таратылды. Қазіргі таңда екі жүз тоқсан жеті шешім берілді, ауыл тұрғындарына 2023 жылы 28 сәуірде 8 трансформатор, электр жүйелері, насос ұрланды. Қазір тергеу жүруде. Нақты сол соттың шешімін күтіп отырмыз».
«Сот шешімін күтіп отырмыз» дегендіктен іске жауапты сот өкілдеріне де бардық. Сот шешімінің қара халықтың қараңғыда отыруына қандай әсері бар? Электр жарығының құрал-саймандарының ұрлығына тұрғындардың қатысы қандай? деген сауалдарымызға жауапты өкілдер былай дейді.
РАЙЫМБЕК РИНАТҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ «Қазіргі таңда Ақши ауылдық округінде орын алған бірнеше қылмыстық іс тергелуде. Қазір күдікті тұлға анықталып, оған қатысты бұлтартпас шарасы анықталып, тергеу аяқталу сатысында».
Алайда, ашынған жұрттың ащы даусы ақыр соңында аудан әкімдігіне жетті. Жұрт болып жұмыла кіріскен олар, аудан әкімдігіне бар мәселесін жеткізіп, көмек сұрады.
Жарықтың қасіретін жыл бойына тартып келе жатқан жұрттың жағдайын естіген әкімдік, мәселені шешеміз деп уәде берді.
ҚУАТ ҚАРАБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ТІЛШІ