Заңсыз вейп сатумен айналысқандар ұсталды. Қостанай облысының екі азаматы 2022 жылдан бастап 2 жыл бойы Қазақстанға Ресейден заңсыз түрде электронды темекі мен вейптер тасымалдап келген. Қаржы мониторинг агенттігі ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.

ӘДІЛБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті әшкерледі.Аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген. Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған. Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді».