"

Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген еді. Жетісу облысы сотының апелляциялық сатысының қылмыстық алқасы бұрынғы жоғары лауазымды полицейге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған. Ол 27 жастағы қызды зорлағаны үшін айыпталған.