Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл дерт дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіруде.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі әрдайым Мемлекет басшысының қатаң бақылауында. Ағымдағы жылдың қазіргі кезеңдегі жағдайы бойынша Департаментпен 47 қылмыс, оның 30-ы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша,біреуі білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактісі, 6-ы пара алу, 8-і пара беру және 2-і парақорлыққа делдал болу фактісі аясында тіркелген.Агенттік мамандарының дерегі бойынша мемлекет қаражатын тиімсіз жұмсау, заңсыз жолмен қалтаға басу білім саласында да жиілеп кеткен.Қазір қатаң бақылау шаралары қолға алынып жатыр.

ДАРЫН ЕСЕТҰЛЫ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім саласында бір қатар былықтың бетін ашқан болатын.Оған қатысы бар күдікті тұлғалар,тергелу үстінде. Жемқорлыққа қарсы арнайы жиын өткізген агенттік қызметкерлері бір қатар ескерту шараларын қаперге алды. Оның соңы,орны толмас өкінішке айналарын тілге тиек етті.

АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Білім саласында мемлекет қаражатын талан-таражға салып,үптеп кету фактілері әсіресе есепшілер тарапынан тыйылмай отыр. Оны қаншама істі болып жатқан күдіктілерге қарап танып-білуге болады. Жемқорлыққа қарсы Агенттік мамандары тағы да ескерту шараларын тілге тиек етті. Жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға шақырды.