Көкшетаудағы жекеменшік  сектордағы бірнеше үйдің тұрғындары ауыз судан зардап шегіп отыр.Су құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты осыған дейін тұрғындар үйлерінің жертөлелері суға толғанын айтып, шағымданған болатын.Су басудың себебі,  құбырлардың ескергенінен дейді олар.Коммуналдық мекеменің қызметкерлері тексеру жүргізіп, су басудың салдарын анықтады.

Қанай би көшесінде су құбырының жөнделуіне байланысты, тіршілік көзі өтетін құбырлардың  жұмысы тоқтатылған.Ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары сапа жағынан тұрғындардың күмәнін тудыруда.

ЛЕОНИД ГАРБОВСКИЙ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Су ешқайда ағып кеткен жоқ. Еденнің асты мен жертөлелер суға толы. Былтыр мен құдық қаздым. Қазір суға толып тұр. Қазба жұмыстары ұзақ жүріп жатыр. Сағат 11-де келеді, одан түскі ас ішуге кетеді. Содан сағат 3-те келеді. Кешкі 5-де жұмыстарын тоқтатады.Жұмыс баяу жүргізілуде. Көшенің жоғары жағындағыларға ешкім су тасып әкеп беріп жатқан жоқ. Ал, бізде көл-көсір». 

Жертөледегі су Шевцова көшесінің тұрғындары үшін үлкен мәселеге айналып, оны жиі сорғызып отыр. Ылғалдан үйлердің түсқағаздары түсіп, қабырғаларына сызат түсе бастаған. Ал,керісінше Қанай би көшесінің тұрғындары болса суға жарымай отыр. 

АСМА КОДЗОЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  «Бір аптадан асты, су жоқ. Құбыр жарылды. 3 ай бойы «Су арнасы» кәсіпорны ол ақау өздеріне қатысты емес екенін айтып дауласты. Құбырды ашқан кезде судың нөпірі қатты болды. Соның салдарынан су үйдің астына кетті. Әлі күнге дейін сорғыған жоқ». 

Осылайша тұрғындар жөндеу жұмыстарының ұзап кеткеніне наразы.  Салынған жаңа құбыр зақымдалып кете ме деген де қорқыныштары бар. «Көкшетау Су Арнасы» мекемесі жұмыс осы аптаның соңында ғана  аяқталатынын айтады. Жеке секторға тіршілік нәрін тасымалдауды ұйымдастыру қарастырылмаған,құдықтан тасымалдауға тура келеді. Әркім өз күнін өзі көреді. Жауапты мамандардың жауабы осы әзірге.