Білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барша мектеп бітіруші түлектер үшін мектеп бітіру мерекесі өміріндегі ерекше, ұмытылмас күндердің бірі. Осыған орай Ш.Беркімбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицейінде «Мектебім,саған мың алғыс» атты салтанатты іс-шара өтті. Толығырақ тілші тарқатады.
Кезекті оқу жылының аяқталуына арналған мерекелік шарада түлектерді құттықтауға мектеп ұжымы мен ата-аналар келді. Алматы Қыздар Лицейі оқушылардың табанды еңбегінің, ұстаздардың қажырлылығының және ата-аналардың – шексіз қолдауының нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстанның ең үздік 100 мектебінің,Алматы қаласы бойынша үздік 10 мектептің қатарынан орын алып отыр. Бүгінгі түлектер арасында да сол биіктің туын тіке ұстап бес қыз алтын белгіге үміткер атанған.
ГҮЛНАЗ ОРАЛХАНҚЫЗЫ, Ш.БЕРКІМБАЕВА АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚЫЗДАР МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Түлектерді білім нәрімен сусындап өскен мектебін қимас сезім бір толқытса,оқушы- мектеп- ата-ана үштік жоба аясындағы дәстүрге айналған әр түлекке ата-анасының осы қуанышты сәтімен құттықтап,жүрек сырын ақтарған хаттары еріксіз жанарларына жас үйірді. Сонымен қатар осы күнге жеткізген ата-анаға алғыс айту шарасы мектеп қабырғасында тізімге енді. Бұл күн тілегі бір,қуанышы ортақ ата-аналар үшін де маңызды саналады.
МАҚПАЛ АЙНАБЕКОВА, АТА-АНА
Мектеп оқушылары көп жылдан бері облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Солардың бірі биылғы түлек Арайлы Бақтыбай. Білім нәрімен қанатын қатайтып ұшырған алтын ұя мектебіне қимастық сезімімен қатар алғысын арнады.
АРАЙЛЫ БАҚТЫБАЙ, ЖАС ТҮЛЕК
Арманы асқақ,мақсаты мығым Арайлыға бүгінгі соңғы қоңырау соғу салтанаты бұйырыпты.