Оралда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 11 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға Қонаев шағынауданы 52-ші үйде болған деп хабарлап отыр. Жедел жәрдем сағат 23:38-де шақырылыпты. Қалалық көпбейінді ауруханада жатқан баланың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде есін жимаған жасөспірім жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал куәгерлер баланың қай қабаттан құлағанын байқамадық дейді. Сол сәтте ата-анасы қасында болмаған. Ал БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі 2012 жылғы бала 9-шы қабаттағы пәтердің балконынан секіріп кетіп, аулада тұрған автокөліктің үстіне түскен деген ақпаратты растады.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ