"
СҚО да «ОТБАСЫ БАНК» АҚ маусымның 19-ы мен шілде айының 2-і аралығында Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында конкурс жариялады. Жалпы саны 144 пәтерден тұратын көпқабатты үйден баспана алуға өңір тұрғындары өтінім бере алады. Өтініш бергеннен кейін іріктеу кезеңі ұйымдастырылмақ. Бұл кезең конкурс аяқталғаннан соң, 5 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурсқа 3-бөлмелі – 79 пәтер, 2-бөлмелі – 69 пәтер, 1-бөлмелі 4 – пәтер қойылды. Қазіргі уақытта бұл пәтерлерге 1000 нан астам адам өтініш берген. Берілген өтініштерді және оларға қойылатын талаптар мен құрылыс нысанының сипаттамасын ОТБАСЫБАНК.КЗ жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: «Жалпы бұл нысан жергілікті әкімдікте кезекте тұрған азаматтардың барлығына арналады. Айта кету керек, осы жолғы конкурс/броньдау өзгеше өтеді. Себебі, 144 пәтердің 40 пәтері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрған азаматтарға арналған. Стандартты кезекте тұрған азаматтар бұл 40 пәтерге өтінім бере алмайды. 1 шаршы метрдің бағасы 180 000 теңге. Бұл нысанда 1,2,3 бөлмелі пәтерлер бар. Біз өзіміздің “Baspana market” порталының “Otbasybank.kz” сайтында маусым айының 19-нан бастап өтінімдер қабылдаймыз, ешқайда келудің қажеті жоқ, барлығы онлайн түрде».