"

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Жас ұстаз,табысқа апарар жол» деп аталатын форумдар ұйымдастырылуда.Шараның негізгі мақсаты, педагогика саласына қадам басқан мамандардың тәжірибиесін арттыру.

Республикалық форум ерекше көңіл-күймен бастау алды. Жас мамандар арнайы ұйымдастырылған флешмобқа қатысып, күн тәртібін серігіп алудан бастады.

Форум жұмысына Алматы облыстық білім басқармасының мамандары, педагогикалық шеберлік орталығының ғалымдары мен жастар қатысты. Онда таңдаған салаларының ұлт мұраты үшін маңыздылығы, біліктілік пен жаңа технологияға ептілік секілді ұстаздарға қажетті мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

БЕРІК АСУБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПШО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында көптеген өзгерістер орын алып келеді.Онда жалақының өсуінен бөлек, статустарының жоғарылауы жастардың осы салаға бет бұруына септігін тигізіп отыр.Форумға қатысқан қонақтар, жастарды жігерлендірер мәселелерді алға тартты.

ӘЖМАТ ӘЛІМОВ ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК