Заманауи тәсілдегі оқыту жүйесін қазіргі оқушылар өте жақсы қабылдайды. Жастардың қалауын түсінген Семейлік Жасқайрат Нәубетов білімгерлерге креативті тәсілдермен білім беріп, оқуға ынтасын ашуда.

Білім жолына 3 жыл ғана болса да ұстаз Жасқайрат Нәубетов сондай креативті маман. Білімгерге біраз біліктілікті талап ететін физика пәнін оқушы жеңіл түсіне алуы үшін әр сабағында әртүрлі комикстарды пайдаланады. Бұл білім алушының ойлау қабілетінің жақсы жұмыс жасауына көп септігін тигізе алады дейді ұстаз.

ЖАСҚАЙРАТ НӘУБЕТОВ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Осы екі жыл болды, мен қазір оларға тақырыпты маған комикспен түсіндіруді қолданып жүрмін. Ал өзім жалпы осыған комиксті салуға арнайы бағдарламалар қолданамын. Жалпы балалардың қызығушылығын артырады бұл. Өйткені балалар мәліметті тек қана сөзбен емес, сонымен қатар суретпен көру арқылы олардың түсінігі артады да, ал балар түсінген сайын оларға қызығырақ бола береді деп ойлаймын».

Заманнан қалыс қалмай дамып келе жатқан жас ұрпақ Жасқайрат сынды ұстаздарды қолдайды. Өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырмаларды еш қиналыссыз орындайды. Енді, заманауи ұстаз енді оқушылардың деңгейіне түсіп сабақты рэп стильінде өткізіп жүр.

АЙБЫН МАЙЖАНОВ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: «Сабақтарды кәдімгі қара сөзбен емес, комикстер арқылы жарыстар ұйымдастыру арқылы, есептерді жарыстырып шығару арқылы түсіндіреді.Жасқайрат ағай, менің физикаға деген махаббатымды ашты».

МҰХАММЕДӘЛИ АКИМЧИНОВ БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: «Сабақ кезінде ол бізге түрлі мотивациялар, есептерді ең бірінші  шығарған топ 5 балаға баға қою арқылы немесе тағы да картин-карточка дегендерді ұйымдастырады. Мен Жасқайрат ағайдың көптеген апталықтарына қатысып келемін».

Бір шаңырақ астында білім беріп жатқан оқытушылар да әріптесіне қызыға қарайды. Креативті ұстаздың бұндай тәсілдерді қолданып сабақ беруі біздің білім беру жүйемізге жаңашылдық болды дейді.

БОЛАТ АЛИАСҚАР БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Ол физика деген қиын пәнді оқушыларға әртүрлі қызықты ойындармен әдіс-тәсілдермен оңай қылып түсіндіреді. Жасқайрат жаңа мектепке жаңашыл ұстаз республикалық байқауының жеңімпазы. Жәнеде ХХ халықаралық жасампаз олимпиадасының үшінші орын иегері. Ұстаз талантты болса, шәкіртте талапты болады демекші Жасқайраттың оқушылары облыстық, республикалық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға иеленуде».

Енді, жас ұстаз Жасқайрат алдағы уақытта оқу жүйесіне қолданып жүрген комикстарынан оқу құралын шығаруды жоспарлауда.