Батыс Дарфурдағы этникалық мәселелерге байланысты орын алған  кісі өлімі  туралы Суданнан келген босқындар хабарлады. Олардың айтуынша, масалит тайпасының адамдарына судандық әскермен соғысып жатқан «Тез әрекет ету күштері» әскерилендірілген ұйымының  жауынгерлері шабуыл жасаған.

Оқиға армия базасы мен қоныс аударушыларға арналған лагерь орналасқан Эль-Генейнде орын алған.  Көтерілісшілер қазан айының соңында Ардмат ауданына шабуыл жасады.

НАБИЛА АБДЕЛЬ РАХМАН СУДАННАН КЕЛГЕН БОСҚЫН «Ардматта біздің адамдарды өлтіріп, қашуға мәжбүрлейді.  Балаларды өлтіріп,  әйелдерден ақша мен мүліктерін тартып алуда. Олар қашып кете алмайды».

АСИЯ СУДАННАН КЕЛГЕН БОСҚЫН «Маған ағамның қайтыс болғанын айтты,  біз оның қайда екенін білмейміз. Анам және апамның балалары бәріміз  Чадқа келдік. Біз әкемнің қайда екенін білмейміз, оны да  таба алмадық. Олар үйімізді  өртеп, түк қалдырмай алып кетті. Біз өзімізбен ештеңе алмадық».

НАБИЛА АБДЕЛЬ РАХМАН СУДАННАН КЕЛГЕН БОСҚЫН  «Мен анамнан, әкемнен және барлық туыстарымнан айырылдым».

Суданнан көрші Чадқа күн сайын бірнеше мың адам қашады. Чадтағы БҰҰ қызметкерлері босқындарды көбірек күткен дейді. Бірақ көп адамдар шекарадан өте алмайды, себебі көтерілісшілер өту үшін ақша талап етеді.  Судандағы азаматтық соғыс биылғы жылдың сәуір айында басталды.  Соғыс   елеулі гуманитарлық дағдарыс тудырды. Алты миллионнан астам адам үйлерін тастап, уақытша лагерьлерге қоныстануға мәжбүр болған. 730 мыңы шетелге, оның жарты миллионы Чадқа қашты.