"

СҚО тәртіп сақшылары донор болып, адам өмірінің сақталуына өз үлестерін қосуда. Олар бұндай игі істі 3 айда бір рет қайталауды әдетке айналдырған. 

Таң азанмен СҚО қан орталығына кезекте тұрған мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерінің ішінде бірінші рет қан тапсырып жатқандар мен тұрақты донор болып жүргендерде бар.

ДӘУРЕН ҚОҢЫРБАЕВ СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ: «СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қан тапсыру бойынша іс-шараларды жиі ұйымдастырып отыр. Мен 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін тұрақты түрде қан тапсырып, жиі осында келетін едім. Бірақ қазір жұмыс бабымен қан тапсыруға уақыт болмай жатады. Бүгін әріптестеріммен келіп донор болдым. Өте қуаныштымын, себебі бұл науқас жанның өмірін сақтап қалуы мүмкін.»

АЙДАНА МЕЙІРМАНОВА СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОР-ПСИХОЛОГЫ: «СҚО мамандандырылған күзет қызмет басқармасында жұмыс істеп жатқаныма әлі 1 жылда болмады. Мен инспектор-психолог болып жұмыс істеймін. Осындай іс-шараға бірінші рет қатысып отырмын. Енді келесі де жиі-жиі қатысып тұрамын.»

Денсаулығы жақсы адам 450 грамм қанмен 3 науқасты аман алып қалады дейді мамандар. Донор адамның қаны 2 кезеңдік тексерістен  өтеді, қандай да бір ауытқулар болса 100 пайыз анықталады. Аппараттар АҚШ пен Швейцария мемлекеттерінен әкелінген. Жалпы облыстық медициналық мекеменің қан қоры облыстағы 21 медициналық орталықты қамтамасыз ете алады.

ЕВГЕНИЯ ЗАХАРОВА СҚО ҚАН ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМШЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Қан тапсырар алдында  донор 1 тәулік майлы, қуырылған тағамдардан бас тартуы керек. Сонымен қатар  2 тәулік алкагольдық ішімдік және 3 тәулік дәрі дәрмек ішпеуі керек. Бүгінгі полиция қызметкерлері арасында біздің тұрақты донорларда бар. Олар бүгінгі іс-шарадан бөлек жеке келіп қан тапсырады.» 

СҚО қан орталығында қан қоры жеткілікті болғанымен, жілік май донорынан жеткіліксіз болып тұр. Гемопоэздік дің жасушалардың трансплантациясына елімізде 300-ден астам адам мұқтаж. Оның тең жартысы бала дейді мамандар.