Агроөнеркәсіптік кешенінде элеваторлардың алатын орны зор. Себебі, астықты өсіріп қана қоймай, оны сақтап, өңдеу қажет. Дәл осындай жұмыс Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тайынша элеватор» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде іске асырылады. Қазіргі таңда кәсіпорында астықты қабылдау бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұдан бөлек кәсіпорында құрама жемнің 21 түрі шығарылады.

2019 жылы Тайынша қаласының элеваторында  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын. Енді, кәсіпорында майлы дақылдардың екінші элеваторы іске қосылды. Бұл істің басталуы зығыр, соя, рапс секілді дақылдарды қабылдауға мүмкіндік берді. 2021 жылы құрама жем зауыты ашылып, жобаға 2 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылған болатын. Қазіргі таңда бұл өнім Қазақстан аумағында ғана емес сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде де үлкен сұранысқа ие.  

ШЫНАЗБЕК БАЛҚЫБЕК «ТАЙЫНША ЭЛЕВАТОР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ Бүгінігі күні 400 машинаға дейін қабыладй аламыз 1 суткіге. Бүкіл комплексіміз газбен қамтылған. Темір жол өзіміздікі. Маневровый дейміз сол да біздікі. 3900 метрлік темір жолымыз бар.

Негізгі жұмыс — астықты тазарту және терең өңдеу. Астықты тексеретін зертханадан бөлек, кәсіпорында  химиялық зертхана да бар. Айта кетейік, бұндай зертхана облысымызда біреу ғана. Ал, 2020 жылы айына 400 тонна құрама жем шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Қазір бұл серіктестікте 170 адам еңбек етеді.

ЖҰМАБЕК ҚАЛИЕВ «ҚҰРАМА ЖЕМ» ЗАУЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Общий производительный мощность 400 тоннға шықтық.Оборудование бәрі европейский. Қосымша екі қойма салынды. Готовый продукцияға да салынды. Бәрі жақсы. Колелктив бұрыннан істеп жатыр.»

Бұл жерден шығарылатын өнім мал, құс шаруашылығында пайдаланылады. Ал жоғары технологиялық кешен қызметінен түскен пайданың бір бөлігі, үнемі ауылдың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталады.