Сәбиін саудалаған атыраулық әйел 8 жылға сотталды. Атырау сотының шешімімен, сыбайлас болған 4 айыпталушыға шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жүкті кезінде өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, сәбиін туған соң, отбасылық жұпқа алдын ала келісім бойынша ақшаға сатып жіберген.

Бірнеше уақыттан кейін әйел қайтадан жүкті болған. Сөйтіп, ол баланы басқа мұқтаж отбасына 2,3 миллион теңгеге сатуға бел буған. Бірақ, күдікті қаржыны алған бетте ізім-қайым жоқ болған. Кейін, босанған соң басқа отбасына баласын сатып жіберген.

МЕЙРАМГҮЛ ӨТЕҒҰЛОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Қылмыстық іс операциялық тәртіпте қаралып, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз, сотталғандар мен адвокаттардың аппеляциялық шағымдары қанағаттандырылусыз қалдырылды».