Тарихқа топырақ шашсаң болашақ саған тас атады. Тұмшаланып жатқан тарихымыздың таспаға бейнеленген жаңа парағы ашылды.Ресей мемлекеттік кино, фотоқұжаттар мұрағатынан белгілі Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды.

Мемлекет қайраткері бейнеленген бұл кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген. Сәкен Сейфуллинмен бірге, Ораз Жандосов, Әліби Жангелдиннің бейнежазбасы таспаланған құнды дүниені тапқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек. Ұлтымыздың бай мұрасын олжалап қайтқан ғалыммен сұхбаттасқан едік.

ЕРМҰХАМЕТ МАРАЛБЕК А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасы және теориясы мен тәжірибесі деген тақырыпта гранттық зерттеу жобасын ұсынып жас ғалымдарға арналған. Осы жоба аясында былтырдан бері жұмыс жасап жатқанбыз. Осы қазанның 19-23 аралығында үш ғалым Мәскеу қаласына сапар шектік. 6-7 күн жұмыс істедік. Ол жердегі қазаққа қатысты барлық карточкаларды қарадық. Соның ішінде Алаш мұрасына қатысты табылуы мүмкін деген бейнежазбаларды қарадық. Сол бейнежазбаның ішінде Сәкен Сейфуллинді бар деп ойлаған жоқпыз кездейсоқ кездестіріп қалдық. Сол кезде қатты әсер етті. Сәкен десе Сәкендей тұлғасы қандай керемет».

Сонымен қатар ғылыми қызметкер Мәскеу мұрағатынан тағы қандай құнды деректерді кездестіргенін айтты. Ресей мемлекеттік Ленин атындағы кітапханада сирек қолжазбалар қорында Алаш қайраткерлерінің көптеген еңбегі сақталған. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми айналымда жоқ, еш жерде кездестірмеген еңбектері табылды дейді ғылыми қызметкер.

ЕРМҰХАМЕТ МАРАЛБЕК А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сонымен бірге Қоянды жәрмеңкесі түсірілген бір видеоны тауып алдық».

Мәскеу қаласына ғылыми зерттеу жоба аясында аттанған ғалымның бірі Әрлен Сейітбатқал. Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай өткен шараға ұлт зиялыларының қатысуы заңдылық дейді жас ғалым.

ӘРЛЕН СЕЙІТБАТҚАЛ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ