Талдықорғандық оқушылар биылдан бастап қоғамдық көліктерде электронды жол жүру картасы арқылы қатынайтынын осыған дейін хабарлағанбыз. Алайда, алақандай картаны алу бүгінде мұң болып отыр. Оқу жылы басталғанына екі аптаға жуықтады, ал қала әкімдігі билеттерді үлестіру жүйесін жасай алмай жатыр.

Бұл «Әлемпей» кеңсесінің ғимараты. Бүгінде жол жүру билетін тарататын компаниясының алды құжынаған адам. Ата-аналар сарылып кезек күтіп жүріп, әрең дегенде билеттерді сатып алады. Шәлипан Нұрахметова соның бірі. 4 бірдей немересіне электронды жол жүру билетін алу үшін ертеңмен жеткен. 2 сағаттан артық кезекте тұрған зейнеткер бүгін кезегім жетпесе ертең тағы келем деп отыр.

ШӘЛИПАН НҰРАХМЕТОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мына жерде иә балалардың жүретін проезднойы беріліп жатыр. Осыны дұрыстап ұйымдастурға болмады ма акиматқа. Акимат қайда қарап отыр? Нестеп отыр акиматтар? Мінекей қырылысып жатыр елдің бәрі. Неше күн 3 күн толпа болып жатыр. Қазір елдің бәрін тарқатып, мынаны жөндеп берсін бізге акимат. Мына образованиеге звондасақ телефонын алмайды. Мына интернеттегі нөмердің барлығы өтірік, қойып қойған. Звондасаң өтірік номер терілді деп шығарады мінекей».

Бұған дейін қалалық білім бөлімі электронды карталар Қаз пошта бөлімшелері арқылы таратылады деген. Бірақ ол шаруа басталмай жатып тоқтатылды. Себебі, жол жүру карталарын сатып алып, үстіне ақша қосып сататын алыпсатарлар пайда болған. Сондықтан, жол жүру картасын тек ата аналардың өздері келіп, жеке ЖСН нөмерлері арқылы тіркеп алатын болды.

АЙДОС СЕКСЕНБАЕВ «ALEMPAY» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
«Әр баланың ИНН мен ата ананың телефонына регистраия жасалады. Егер де жоғалтып алған жағдайда картаның номері мен осындай картаның номерін тіркейді ғой. Айтады менің осындай балам карта жоғалтып алды. Соған міне басқа карта алам тіркеймін деп. Бір балаға 2 карта тіркелмейді. Сол себептен ата-ананың нөмерімен келеді. Қай номерге тіркелгенін көрсетеді. Мына номерге тіркелген деп. Сол номерді біздікілер базадан алып тастайды. Содан кейін басқа карта тіркеуге болады».

Оқушылардың жол жүру карталары Талдықорғанда алғаш рет іске қосылмақ. Алдымен 1 ай бойы лимитсіз жұмыс істейді. Яғни оқушылар қанша мәрте автобусқа мініп-түссе де өзі біледі. Кейінірек, әрбір балаға шектік норма бекітіледі.

АЙДОС СЕКСЕНБАЕВ «ALEMPAY» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
«1-2 ай көреміз қанша лимит. Бұрын мысалы үшін жанағы бәленбай миллион төлесе, қазір 1 айда көреміз қанша шығады. Егерде сол бұрынғы лимиттан аспаса, онда без лимита қоямыз».

Талдықорғанда барлығы 26 мектеп бар. Онда қазір 34 мыңға жуық оқушы білім алады. Әзірге соның 1500 ғана электронды билетке қол жеткізген. Яғни «Әлемпейдің» алдындағы құжынаған кезек әлі біразға созылуы мүмкін.