Президенттің тапсырмасы аясында 2020 жылдан бастап 4 жастан 17 жасқа дейін түрлі үйірмелерге тегін қатысуға заң шыққан болатын. Осыған орай арнайы платформа қабылданып,тегін қызмет көрсету жүйесі іске қосылды. Мәселен Алматы облысында 170 кәсіпкер мәдениет саласы бойынша 28 мың баланы Арт спортқа тартып отыр.Тегін үйірмеге қатысып жатқан ауылдық балалардың жетістіктері жайында алдаға бене материалда.

«Арман» шығармашылықты дамыту орталғы 2021 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мұнда өнерге құштар жастарды тегін үйірмемен қамтамасыз етеді.Білікті тәлімгерлерден үйренер дүние көп.

ЖАНАР БАҚЫТҚЫЗЫ «АРМАН» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІСІ

Тегін үйірмелер ауылдық балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға таптырмас мүмкіндік. Әрі жұмыс басты ата-аналар үшін де қолайлы. Орталықта жастардың жеткен жетістіктерінің құрметіне орай кеш ұйымдастырылды.Онда облыстық,республикалық байқаулардан жүлделі оралған балаларға құрмет көрсетілді.

ЖАНАР БАҚЫТҚЫЗЫ «АРМАН» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІСІ

СЫРЫМ АНАЯТ ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ

Орталықта арманы асқақ балалар мен берген білімін бұлдап, пайда іздемейтін қамқор тәлімгерлер бар. Балаларын мамандарға сеніп тапсырған ата-аналардың көңілі жай. Жеткіншектер мұнда уақытын тиімді өткізеді. Пайдалы әрі өздері қалаған іспен айналысады.