Су тасқынына қатысты еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Өңірлерде ахуал әлі де оңалар емес. Топан су басқан аймқатрдан 97 мыңнан астам адам құтқарылған. Оның 32 мыңнан астамы бала. 

Бүгін Жабай өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Солтүстік Қазақсан облысы Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірде шұғыл штаб өз жұмысын бастады. Эвакуциялау пункттері ашылып, онда құтқарылған адамдарға ыстық тамақ пен сусын беріліп жатыр. Жергілікті билік халықты сабырға шақырады. Жалпы республика бойынша қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңнан астам адам орналасытырлған. Оның 4 мыңға жуығы бала. 

ЕРАСЫЛ САЙПАШ ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:«ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам және 3 мыңға жуық бірлік техника мен 15 әуе кемесі жұмылдырылды. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы ТЖ әрекет етеді».

Атырауда да жағдай мәз емес. Зардап шеккендердің барлығына дерлік көмек көрсетіледі дейді жергілікті билік. Бұл өңірде тұратын осал топтағы азаматтарға екінші тоқсанға тағайындалатын әлеуметтік көмек автоматты түрде беріледі. Қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер беру кейінге қалдырылады. Атырауда еріктілер кезекшілікпен жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмектесіп жатыр. 

АҚБӨБЕК ТӘТТІБЕКҚЫЗЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЕРІКТІЛЕР ФРОНТ ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ:  «Қазіргі таңда әр бағыттағы волонтерлер кезекшілік қызметпен бөлініп жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің қолдауымен түскі ас, көмек қажет жерге жөнелту үшін арнайы автобустар бөлінді. Атырау облысында ТЖ табиғи сипатта жарияланғаннан бастап 10000-ға жуық волонтер қызмет етуде және басқа да облыстың волонтерлерінің қолдауымен облысқа гуманитарлық көмекпен қатар волонтерлер де өз көмектерін көрсетуге келуде».

Қостанайда болса ахуал сәл тұрақталғандай. Су тасқынынан зардап шеккен халық ақырындап үйлеріне оралып жатыр. Торғайдағы барлық эвакуциялық пункт жабылды. Ондағы 600 адам үйлеріне қайтты. Біржолғы төлем төлеу басталды деді облыс әкімі. Ал, шығыста жағдай ерекше бақылауға алынған. Тасқын қаупі күтіледі. Себебі, қазгидромет алдағы үш күнде күн жылынып, жаңбыр жауады деп болжайды. 

АЛИНА ИСМАҒҰЛОВА «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады деп күтілуде, 11-12 сәуірде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болды. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады деп күтілуде».  

Су тасқыны үкіметтің жіті бақылауында. Билік жауапты мамандарға ауыз судың сапасын қатаң тексеруді тапсырған. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысында арнайы зертхана екі сағат сайын ауыз судың сапасын тексеріп отыр.