Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.Кездесу аясында Президентке ұлттық компания қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижесі және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп берілді.Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалады.

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ «ҚТЖ» ҰК АҚ ТӨРАҒАСЫ