Елімізде тойланып жатқан Мейірімділік күнінің негізінде СҚО №48 түзеу  мекемесі «Чтения без границ» деп аталатын әдеби кеш өткізді. Іс-шарада жазасын өтеушілер өз өнерлерін ортаға салып, сайыстарға қатысты.  

Айтулы мерекенің қарсаңында өткен әдеби кеште ақын-жазушылар да ат салысып, қылмыстық-атқару жүйесін дамыту қорына кітаптар да табыс етті. Бүгінде ерлер колониясында  800-ге жуық сотталушы бар. Оның 80 пайызға жуығы әдеби туындыларды сүйіп оқиды екен.

ЕЛЕНА СКАКУНОВА, ІС-ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: «С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана  №48 мекемеде әдеби іс-шара өткізді. Біз өзімізбен бірге ақын жазушыларды, нақытырақ айтсақ Михайл Аверин атындағы   әдеби бірлестікті алып  келдік. Бұл әдеби бірлестіктің мүшелері сотталғандарға шағын концерт ұсынды. Сонымен қатар С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханадан кітаптар сыйға тартылды»

Аталмыш мекеменің кітап қорында эпос, лирика, драма сынды жанрлардан 9 мыңға жуық білім қазынасы бар. Жетекшілердің сөзінше оқырманның көпшілігі көбіне көркем және деректі прозаларға, өзін-өзі дамытуға арналған оқулықтарға қызығады екен.

СҰЛТАН ЖАБАЛИЕВ, СҚО №48 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ  БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: «Сотталғандар арасында оқитын сүйікті жанрлар мен кітаптар туралы Сауалнама жүргізілді. Нәтижесі бойынша көпшілік көркем әдебиетті оқығысы келеді. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана  қолдау білдіріп, кітап сыйлағаны үшін  алғыс білдіреміз.»

Кеш аяғы белсене ат салысқан қатысушыларды мараппаттаумен аяқталды.