Қазақ білімінің қара шаңырағы- әл- Фараби атындағы ҚазҰУ тек білім берумен ғана шектелмейді. Университет өмірі  көптеген ғылыми,   әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруымен, форумдар өткізумен  ерекшеленеді.  Университет білім алушылары сабақтан тыс уақытта ізденумен, өзін өзі жетілдірумен, жаңа заманға лайықты тұлға болып қалыптасумен шұғылданады.

Сондай үлкен жобаның бірі - Фараби форумы.  Халықарадық дәрежедеұйымдастырылатын бұл форум дүниежүзі ғалымдары мен жас ғалымдарының ғылыми ізденістерін бір ортаға жұмылдыруымен құнды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіде  жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Фараби форумы» аясында биыл да Филология факультетінде  2025 жылы 3 сәуір күні  «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.   Конференц залыда сағат 10.00 де факультет басшысы, ф.ғ.д., академик Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова конференцияны салтанатты ашты. Деканынң ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жадыра Амангелдіқызы Баянбаева сөз алып, биылғы жылғы конференцияның ерекшелігі, қатысушылар саны, қатысушы университтер жайлы біршама мағлұмат беріп өтті. Факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы да конференцияға қатысушыларды құттықтап, сәттілік, жеңіс тіледі. Конференцияға Қазақстанның және алыс, жақын шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ студенттері, магистранттар және жас ғалымдар қатысты. Конференцияда «Қазақ тілінің когнитивтік және функционалдық парадигмалары», «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Түркітану және лингвистика», «Орыс филологиясының өзекті мәселелері», «Шет тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық қарым-қатынас», «Заманауи транслингвистиканың өзекті мәселелері», «Тілдік және мәдениаралық байланыс: теориясы мен практикасы» және «Жас ғалымдар» атты негізгі 8 секция жұмыс жасады. Жоғарыда көрсетілген секциялар бойынша қатысушылар теориялық, тәжірибелік, қолданбалы сипаттағы ғылыми жаңалықтарын ұсынды. Ғылыми жобаларға комиссия мүшелері тарапынан, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, баяндамалар қызу талқыға түсті. Комиссия мүшелері тарапынан әділ бағалар беріліп, ескертпелер, пікірлер, болашақты қаперге алу керек мәселелелер ұсынылды.  

Конференцияға Қазақстандағы Жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шетелдік оқу ордаларының да студенттері қатысып, белсенділік танытты. Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰҚПУ, Сулейман Демирель атындағы университет, Нархоз университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Қонаев университеті, шетелдік Российский университет дружбы народов имени Патриса Лумумбы, Московский городской педагогический университет, Jamia Millia Islamia Central University, The Embassy of Turkey in India, UETc Tashkent университтерінің 300-ге жуық білім алушылары қатысып, олар өз зерттеу, ізденіс бағыттары бойынша жұмыстарын ортаға салды.  Ұсынылған баяндама тақырыптары өзектілігімен, қызықтылығымен, ғылыми ақпараттарының  молдығымен, жаңашылдығымен  қуантты.

   Халықаралық дәрежеде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын бұл конференция жыл сайын көкжиегінің кеңдігімен, ауқымдылығымен, сантүрлілгімен ерекшеленіп отырады.  Конференцияда түрлі ЖОО студенттері мен жас ғалымдары тек бақ сынасып қана қоймай, өзара тәжірибе де алмасады, танысады.

«Фараби әлемі — 2025» жобасы жоғары деңгейде өтт. Комиссия мүшелерінің шешімімен әр секция  баяндамашылары I, II, III дәрежелі арнай дипломдармен, түрлі номинациялы алғыс хаттармен  марапатталды. 

Кулжанова Бакытгул, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті СҒЗЖ төрағасы