Натуралист фотограф әлемдегі ең үлкен айсберг A23a-ны суретке түсірді. Қазір ол Антарктика түбегінің солтүстік жағалауында.

Айсбергтің ауданы - шамамен 4000 шаршы километр. Бұл Нью-Йорк аумағынан үш есе үлкен. Мұз қабатының қалыңдығы - 400 метр, салмағы - триллион тоннаға жуық. Біраз уақыт бойы ең үлкен айсберг A-76 болды. Бірақ кейін ол үш бөлікке бөлініп, біріншілік A23a-ға қайта оралды. Бұл айсберг - жер бетіндегі ең көне айсбергтердің бірі.

Ол 38 жыл бұрын Фильхнер мұздығынан ажыраған. Бұл ретте 30 жылдан астам уақыт бойы айсберг Уэдделл теңізінің орталық бөлігінде болған. Төрт жыл бұрын ол қайтадан қозғала бастаған. Зерттеушілер айсберг айына 150 шақырым жүзіп өтетінін хабарлады.

Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, A23a Оңтүстік мұхитта ұзаққа созылып, тіпті Оңтүстік Африкаға қарай да жылжуы мүмкін.