Шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер ұсталды. Көкшетау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығынан ілік тапқан қаржы мониторинг агенттігі 68 көліктің жалған тіркелгенін айтады.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІНІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді. "Азаматтарға арналған үкіметтің" Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңге. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды».