Қазіргі білім берудің максаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, жылдам өзгеріп жатқан бугінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанының әлеуметтік экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Бұл бағытта ілкімді істерді бастап кеткен білім ошағы бар.Келесі бейне материалға назар аударсақ.
Бұл жаңа оқу жылына асыға күтіп,есіктерін айқара ашқан Алматының іргесіндегі Қаскелең қаласынан орын тепкен Шоқан ұлттық мектебі.Ұстаздар оқушыларын,оқушылар ұстаздарын сағынып қалғандары жүздерінен көріп тұр. Атына заты сай,білім ошағы жастарға сапалы білім,саналы тәрбие дәнегін қатар себуде.
ЖАЗИРА ШӘКЕНҚЫЗЫ ШОҚАН ҰЛТТЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге дағдыландыратын үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз. Алғашқы қоңырау мерекесіне оқушылар мен ұстаздары құттықтап келген эстрада жұлдыздары да ерекше болды. Соның бірі барша халықтың ыстық ықыласына бөленген Алашұлының әншілері.
ЖАЗИРА ШӘКЕНҚЫЗЫ ШОҚАН ҰЛТТЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ