"

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес орын алды. Видео Instagram-пабликтерде пайда болды.Кадрға қарағанда, оқиға жансақтау бөлімінде болған. Науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында жанжал шыққан. Оқиға салдарынан медбике мен дәрігер соққыға жығылған.Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, 20 қыркүйекте, сағат 19:50-де 1995 жылы туған азамат жедел жәрдеммен Гипербариялық оттегі орталығына жеткізілген.

Дәрігерлер оны тексерген, психикалық қозу жағдайына байланысты тыныштандыру шараларын жүргізу үшін жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда науқас медициналық көмекке қарсылық танытып, медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолданған.  Оқиғаға байланысты ақпарат полицияға берілді.