Әлемдегі ең ірі бөгеттердің бірі саналатын – «Бахтиари» Гидроэлектр станциясына ұқсас ауқымды гидрологиялық орталық Қазақстанда да бой көтеруі мүмкін. Ол өз кезегінде суармалы суды тасымалдаудың заманауи технологияларын енгізуге және булану себебінен болатын шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай жоба Қазақстанның әсіресе, оңтүстік өңірлері – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары үшін аса қажет.  Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездесуінде айтылды. Тараптар жаңа гидротехникалық нысандардың құрылысын және суармалы су шығынын азайту мәселесін талқылады.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Бірінші үлкен бағыт нормативтік-құқықтық базаны құру. Екіншіден бар су қоймаларды иррегация жүйелерді қалпына келтіру. Жаңа су қоймаларды көктемгі тасқын суларды, жаңбыр суларын жинақтау үшін жаңа су қоймаларын салу. Үшіншіден көршілес мемлекеттермен келіссөздер жүргізу. Себебі, Қазақстан жалпы су көлемін 50 пайызын көршілес мемлекеттерден алады. Орта Азиядағы мемлекеттер: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы»