Небәрі 21 жасында Кеңес Одағының батыры атанған Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке биыл 99 жыл толды. Тарихи тұлғаға арналған шара Жетісу облысындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада орын алды. Сағадат Қожахметұлы 18 жасында кеңес әскер қатарына қабылданып, Түрікменстандағы сарбаздарды дайындайтын оқу орнын үздік аяқтады. Кейін ел басына күн туғанда взвод командирі ретінде майдан шебінен табылды. 1ші Белорус, Солтүстік Кавказ, Украина, Польша, Германия жерінде өткен шайқастарда ержүректігімен көзге түсті. Осылайша, 1945 жылдың 27 ақпанында Сағадат Нұрмағамбетовке «Кеңес одағының батыры» атағы беріледі.
РАХЫМ ҚЫРҒАБАҚОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «40 жаңадан келген баламыз ғой. 60 асқан ағамыз біздің алдымыздан жүргенде артынан жүгіріп жүргендей болатынбыз. Біздің территорияны келіп көріп, біздің осы совет үкіметінен қалған часты көріп аралап жүр ғой. Сонда көрдіңіз бе? Жаңағы кісінің әскери тәртібі біз айтамыз ғой жинақты»
Отан үшін от кешкен жауынгердің жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады. Ұлы тұлғаны ұлықтаған тағлымды кештің мақсаты да осы. Батырдың ерлік пен отан алдындағы жауапкершілігін, ар-намыс пен адамгершілігін өскелең ұрпаққа насихаттау. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, елдің қорғаныс саласын нығайтуға бар күшін салған азамат 1992 жылы бірінші қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Кейін армия генералы атағымен отставкаға шығып, мемлекет басшысының кеңесшiсi болды.
РҮСТЕМ РАХИМБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Талдықорған қаласының орталық кітапханасында Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алу кешін ұйымдастырудамыз. Бүгінгі кешке жас сарбаз клуб мүшелері, сонымен қатар, қарулы күштер ардагерлері және қорғаныс істер департаментінің қатысуында атамызды еске алу кешін өткіземіз».
1994 жылдың 23 мамырында тұңғыш президенттің жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы мен №1 «Алтын Жұлдыз» табыс етiлдi. 1945 жылы батыр Қызыл ту орденімен марапатталады. 2013 жылдың 24 қыркүйегінде 90 жасқа қараған шағында өмірден озды. Оның артында әйелі мен 2 баласы және 4 немересі қалды.